Вакансия туралы
Лауазымдық нұсқаулықтан негізгі лауазымдық міндеттер:
1) қаржы активтері бойынша резервтерді қалыптастыру. Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне сәйкес қаржы активтері бойынша провизияларды (резервтерді) есептеуді жүзеге асырады.
2) есептілік. ЕБЖ шеңберінде есептілік нысандарын дайындау (валюталық, пайыздық, кредиттік тәуекелдер, бизнес-тәуекелдер, стресс-тест, тәуекелдерді біріктіру, №9 ХҚЕС бойынша құнсыздану бөлігінде есептіліктің бухгалтерлік нысандары).
3) ішкі құжаттарды әзірлеу / өзектендіру. Кредиттік тәуекелдерді басқару бөлігінде әдіснамалық базаны әзірлейді және одан әрі оны жетілдіреді, тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде әзірленген әдіснаманы бекітуді ұйымдастырады.
4) процестерді автоматтандыру. Операциялық тәуекелдерді азайту мақсатында Департамент қызметін автоматтандыру бойынша техникалық тапсырмаларды әзірлеу.
5) уәкілетті органдардың қарауы үшін материалдар дайындау (Басқарма, Директорлар кеңесі). Тәуекелдерді басқару саясатының талаптарын орындау мақсатында тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша Компанияның уәкілетті органдарының қарауына материалдар дайындайды.
6) активтерді, міндеттемелерді және тәуекелдерді басқару жөніндегі комитетті ұйымдастыру және өткізу. Мүдделі құрылымдық бөлімшелерден алынған қорытындылар негізінде комитет отырысының күн тәртібінің жобасын қалыптастырады, Комитет Төрағасына бекітуге ұсынады және комитет мүшелеріне күн тәртібі мен материалдарын ұсынады. Комитет отырысында қабылданған шешімдер бойынша деректерді енгізетін хаттаманың электрондық жобасын қалыптастырады және Комитет мүшелерінің электрондық цифрлық қолтаңбалары бар комитет отырысының электрондық хаттамасының көшірмесін қағаз тасығышта басып шығарады, кейін өзі қол қояды. Комитет отырысының хаттамасынан үзінді көшірмелер қалыптастырады, қол қояды, Комитеттің мөртабанымен куәландырады және Комитет шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін мәселенің бастамашысына, оның басшысына және шешімдердің орындалуына жауапты бөлімшелердің басшыларына жібереді.
7) Департаменттің жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі өзге де міндеттер.
Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (біліктілік талаптарына және / немесе лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес):
Білімге қойылатын талаптар (деңгей, бейінді және т.б.): Жоғары немесе жоғары оқу
орнынан кейінгі экономикалық/қаржылық/техникалық білім.
Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 3 жыл.