Вакансия Комплаенс қызметінің басшысы Jobs.baiterek.gov.kz

Бос жұмыс орындары

Комплаенс қызметінің басшысы "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ

Вакансия ашық
  • Құрылған күні: 31.07.2026
  • Қаралымдар: 23
  • Жауаптар: 6

Вакансия туралы

Кандидатқа қойылатын талаптар
  • Жоғары білім (заңгерлік, экономикалық немесе қаржылық білім болғаны жөн).
  • Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес лизинг беруші ретінде лизинг қызметін жүзеге асыратын қаржылық мониторинг субъектісі саласында кемінде 2 жыл жұмыс өтілінің болуы.
  • Комплаенс, AML/CFT, ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару, ішкі аудит немесе қаржылық мониторинг саласында жұмыс тәжірибесінің болуы.
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мінсіз іскерлік беделінің болуы.
  • Қазақстан Республикасы заңнамасын білу:
    • қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (ҚЖКЗ/ТҚ/ЖҚЖҚ);
    • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;
    • корпоративтік басқару;
    • комплаенс-тәуекелдерді басқару;
    • қаржылық мониторинг;
    • инсайдерлік ақпаратты қорғау және мүдделер қақтығысын реттеу саласында.
  • Ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу, тексерулер жүргізу, қызметкерлерді оқыту және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау бойынша практикалық тәжірибесінің болуы.
  • Директорлар кеңесі мен атқарушы орган үшін талдамалық материалдар мен есептілікті дайындау дағдыларының болуы.
  • MS Office бағдарламаларын еркін меңгеруі, қаржылық мониторингтің ақпараттық жүйелерімен (WEB СФМ/СДФО) жұмыс тәжірибесі болғаны артықшылық болып табылады.
  • Жоғары жауапкершілік, аналитикалық ойлау қабілеті, шешім қабылдаудағы тәуелсіздік, ұйымдастырушылық қабілет, коммуникабельділік және құпиялылық қағидаттарын сақтау.
Негізгі міндеттері
  • Қоғамда комплаенс-бақылау жүйесінің тиімді жұмыс істеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
  • Комплаенс-тәуекелдерді басқару процесін ұйымдастыру және үйлестіру.
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының ҚЖКЗ/ТҚ/ЖҚЖҚ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алаяқтықтың алдын алу саласындағы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
  • Комплаенс-аудиттерді, қызметтік тергеп-тексерулерді және тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу.
  • Қоғам қызметкерлерінің ішкі саясаттарды, рәсімдерді және комплаенс талаптарын сақтауын бақылау.
  • Клиенттер мен контрагенттерді сәйкестендіру және тиісті тексеру (KYC/CDD) рәсімдерін ұйымдастыру, мәмілелерді келісуге қатысу.
  • Қаржылық мониторингке жататын операцияларды талдау және WEB СФМ жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне хабарламалар жолдау.
  • Комплаенс, AML/CFT және алаяқтық тәуекелдерін басқару саласындағы ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу, жаңарту және жетілдіру.
  • Комплаенс және беделдік тәуекелдерді анықтау, бағалау, мониторингтеу және азайту.
  • Мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу жүйесін ұйымдастыру.
  • Қызметкерлердің, клиенттердің өтініштері мен құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды (whistleblowing) қарау жұмысын ұйымдастыру.
  • Комплаенс, ҚЖКЗ/ТҚ және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша қызметкерлерді оқыту, тренингтер өткізу және білімін тексеру.
  • Инсайдерлер тізімін және инсайдерлік ақпараттың тізбесін жүргізу.
  • Директорлар кеңесі мен Басқарма үшін комплаенс мәселелері бойынша тұрақты есептілікті дайындау.
  • Комплаенс мәселелері бойынша Қаржылық мониторинг агенттігімен, уәкілетті мемлекеттік органдармен, екінші деңгейдегі банктермен, қаржы институттарымен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.
  • Комплаенс қызметінің жұмысын ұйымдастыру, бөлімше қызметкерлері арасында міндеттерді бөлу, жұмыс жоспарларының орындалуын бақылау және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету.
  • Комплаенс-бақылау процестерін автоматтандыруға және ішкі бақылау жүйесін дамытуға қатысу.
  • Қазақстан Республикасы заңнамасында және Қоғамның ішкі құжаттарында көзделген өзге де функцияларды орындау.
Дағдылар
Корпоративное управление
Противодействие коррупции
Управление комплаенс-рисками
Финансовый контроль и мониторинг
Қажетті жұмыс тәжірибесі
2 жылдан астам
Жұмыс кестесі
Полный день

Конкурс мәртебесі

  • Отказано 0
  • В обработке 6
  • Рассмотрение 0
  • Собеседование 0
  • Тестирование 0
  • Отбор 0
  • Принят 0

Кіру