Департаменттың бас менеджерінің лауазымдық міндеттері:
контрагенттік тәуекелдерге, өтімділік тәуекелдеріне, оның ішінде нарықтық тәуекелдерге сапалық және сандық бағалау (өлшеу) жүргізу;
контрагенттік тәуекелдердің, өтімділік тәуекелдерінің, оның ішінде нарықтық тәуекелдердің туындауы мүмкін жағдайларын, сондай-ақ тәуекелдердің күшеюін білдіретін нақты немесе ықтимал теріс үрдістерді айқындау;
контрагенттік тәуекелдердің, өтімділік тәуекелдерінің, оның ішінде нарықтық тәуекелдердің туындауына әсер еткен факторларды талдау және болжамды залалдың ауқымын бағалау;
контрагенттік тәуекелдерді, өтімділік тәуекелдерін, оның ішінде нарықтық тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін талдау;
контрагенттік тәуекелдерді, өтімділік тәуекелдерін, оның ішінде нарықтық тәуекелдерді талдау нәтижелері бойынша ұсынымдар әзірлеу;
банк-контрагенттер үшін лимиттерді есептеу;
корпоративтік контрагенттер үшін лимиттерді есептеу;
банк-контрагенттер үшін белгіленген лимиттердің сақталуын бақылауды ұйымдастыру;
Қордың негізгі контрагенттері (банктер, эмитенттер, лизингтік компаниялар, сақтандыру ұйымдары) бойынша кредиттік тәуекелдердің ықтималдығы жөнінде қорытындылар дайындау, лимиттерді есептеу, қаржылық тәуекелдерге стресс-тестілеу жүргізу, GAP-талдау жүргізу;
Қордағы тәуекелдерді басқару бойынша Жалғыз акционерге арналған есептерді дайындау;
контрагенттік тәуекелдерді, өтімділік тәуекелдерін, оның ішінде нарықтық тәуекелдерді басқару бөлігінде ішкі және сыртқы реттеушілік талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу;
контрагенттік тәуекелдердің, өтімділік тәуекелдерінің, оның ішінде нарықтық тәуекелдердің алдын алу тәсілдерін немесе оларды өтеу көздерін іздестіру;
тәуекелдерді басқару мақсатында Қазақстан Республикасының қаржы секторының қаржылық тәуекелдеріне талдау жүргізу;
Департамент директорына атқарылған жұмыс туралы есеп ұсыну;
контрагенттік тәуекелдер, өтімділік тәуекелдері, оның ішінде нарықтық тәуекелдер бойынша есептер мен болжамдар жүйесін қалыптастыру, осы тәуекелдер бойынша талдамалық есептерді дайындау және оларды төмендету жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу;
контрагенттік тәуекелдерді, өтімділік тәуекелдерін, оның ішінде нарықтық тәуекелдерді талдау бойынша Қор басшылығына есептер дайындау;
тәуекелдерді басқару саласындағы жетекші халықаралық және қазақстандық компаниялардың тәжірибесімен салыстырмалы талдау жүргізу;
негізгі тәуекелдік көрсеткіштердің ағымдағы жай-күйіне мониторинг жүргізу;
нарықтық тәуекелдерді, контрагенттік тәуекелдерді және өтімділік тәуекелдерін басқарудың негізгі тиімділік көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу;
контрагенттік тәуекелдерді, өтімділік тәуекелдерін, оның ішінде нарықтық тәуекелдерді басқару әдіснамасын жетілдіруге қатысты Қор басшылары мен қызметкерлерінің пікірлері мен ұсыныстарын жинақтау және өңдеу.