Вакансия Сақтандыру және кепілдік департаментінің Бас менеджері (тарту) Jobs.baiterek.gov.kz

Бос жұмыс орындары

Сақтандыру және кепілдік департаментінің Бас менеджері (тарту) "Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі" АҚ

Вакансия ашық
  • Құрылған күні: 21.07.2026
  • Қаралымдар: 142
  • Жауаптар: 24

Вакансия туралы

Бас менеджер келесі біліктілік талаптарына сай болуы керек:

1) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) экономикалық және (немесе) қаржылық білім;

2) Департамент қызметінің бағыты бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл;

3) Қоғамның қызметін, сондай-ақ сақтандыру және кепілдік беру мәселелерін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу.

1-міндет ("тарту" бағыты бойынша): жаңа экспорттаушы компаниялардың санын ұлғайту жолымен шикізаттық емес сектор экспортының өсуін қолдау, қабылданған сақтандыру міндеттемелерінің көлемін ұлғайту, мемлекеттік қолдау шараларын көрсету кезінде жасалған экспорттық келісімшарттардың саны мен сомасын ұлғайту.

Функциялар:

1) клиенттерді тарту және қоғамның барлық қаржылық (сақтандыру) және кепілдік өнімдері бойынша консультация беру;

2) қолданыстағы және әлеуетті экспорттаушыларды қоса алғанда, клиенттер базасын қалыптастыру және оларға қызмет көрсету;

3) ҚР өңірлерінің шағын және орта бизнес субъектілерін, "Даму "кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "Атамекен" ҚР ҰКП өңірлік орталықтарын/филиалдарын, Екінші деңгейдегі банктерді, өзге де қаржы институттарын қоғамның өнімдері мен қызметтері туралы хабардар етуді қамтамасыз ету мақсатында ҚР өңірлерінде ұйымдастырылатын форумдар мен іс-шараларға қатысу;

4) олармен бірлесіп іске асырылатын жобалар шеңберінде клиенттермен, банктермен және өзге де қаржы институттарымен өзара іс-қимыл жасау;

5) сақтандыру тәуекелінің көзі болып табылатын объектінің қаржылық жағдайы туралы бастапқы құжаттарды, қоғамға өтініштерді және өзге де ақпаратты жинау. Жиналған құжаттардың дұрыстығын талдау және тексеру, сондай-ақ оларды кейіннен сақтау;

6) сақтандыру, кепілдік беру мәмілелерін олар аяқталғанға дейін құрылымдау және сүйемелдеу;

7) сақтандыру шарттарын, кепілдік беру шарттарын дайындау үшін әкімшілік департаментіне құжаттар топтамасын қалыптастыру және беру және оны мүдделі құрылымдық бөлімшелермен келісу;

8) шикізаттық емес экспортты қолдау үшін жаңа қаржылық (сақтандыру) және кепілдік өнімдерін әзірлеу;

9) Департамент қызметінің бағыттары бойынша маркетингтік материалды әзірлеуге қатысу;

10) қаржылық (сақтандыру) және кепілдік өнімдері бойынша Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеу және өзектендіру;

11) Департаменттің негізгі қызметі бойынша талдамалық деректерді жүйелеу;

12) сақтандыру объектісін сақтандыру қорғанысының дұрыстығы үшін клиенттің сақтандыру сыйлықақысын уақтылы төлеуінің мониторингі;

13) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау, оның ішінде іскерлік қатынастарды белгілеу кезінде қоғамның клиенттерін (әріптестерін) тиісінше тексеру жөнінде қажетті шаралар қабылдау;

14) қоғамның ішкі құжаттарында, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін реттейтін заңнамалық және құқықтық актілерде көзделген өзге де функцияларды қамтиды.

15) қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына, жалғыз акционердің/акционерлердің жалпы жиналысының, Директорлар кеңесінің және Қоғамның атқарушы органының шешімдеріне, Қоғам басшылығының, сондай-ақ Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тікелей басшының бұйрықтарына, өкімдері мен нұсқауларына сәйкес өзге де міндеттер мен функциялар мен тапсырмаларды жүзеге асыру.



2-міндет: мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл.

Функциялар:

1) Департаменттің құзыреті шегінде ҚР Мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалары, сондай-ақ өзге де бағдарламалық құжаттар бойынша ұсыныстарды келісу, әзірлеу;

2) Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша есептерді, анықтамаларды, хаттарды және басқа құжаттарды дайындауды және бақылауды жүзеге асыру;

3) департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің, құрылымдық бөлімшеге кірмейтін Қоғам қызметкерлерінің, мемлекеттік органдардың, қауымдастықтардың, коммерциялық емес ұйымдардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің өкілдерінің қатысуымен хат алмасу, кеңестер өткізу.



3-міндет: Департаменттің негізгі қызметі бойынша есептілік пен ақпаратты қалыптастыру, ұсыну.

Функциялар:

1) басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қоғам басшылығын мәмілелер бойынша ақпаратпен уақтылы қамтамасыз ету;

2) Жалғыз акционерге, Қоғамның Директорлар кеңесіне мемлекеттік органдарға, сыртқы аудиторларға және т. б. ұсыну үшін Қоғамның қызметі туралы толық және шынайы ақпаратты қалыптастыру.;

3)қоғамның мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне, құрылымдық бөлімшеге кірмейтін Қоғам қызметкерлеріне есептілікті және Департаментке бекітілген ақпаратты уақтылы дайындауды және ұсынуды қамтамасыз ету.



4-міндет: Департамент құзыреті шегінде қоғамның ішкі нормативтік құжаттарын және әдістемелік материалдарды әзірлеу, келісу.

Функциялар:

1) Департамент құзыреті шегінде Қоғам қызметінің бағыттарын дамыту;

2) қоғамның ішкі нормативтік құжаттарын, Департаменттің құзыретіне жататын әдістемелік материалдарды әзірлеу, келісу;

3) Департаменттің қызметіне қатысты Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету.⁠
Дағдылар
Поиск и привлечение клиентов
Қажетті жұмыс тәжірибесі
3 жылдан астам
Жұмыс кестесі
Полный день

Конкурс мәртебесі

  • Отказано 0
  • В обработке 8
  • Рассмотрение 12
  • Собеседование 0
  • Тестирование 4
  • Отбор 0
  • Принят 0

Кіру