Вакансия Главный менеджер (привлечение) Департамента страхования и гарантирования Jobs.baiterek.gov.kz

Бос жұмыс орындары

Главный менеджер (привлечение) Департамента страхования и гарантирования "Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі" АҚ

Вакансия ашық
  • Құрылған күні: 29.04.2026
  • Қаралымдар: 222
  • Жауаптар: 28

Вакансия туралы

Бас менеджер келесі біліктілік талаптарына сай болуы керек:

1) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) экономикалық және (немесе) қаржылық білім;

2) Департамент қызметінің бағыты бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл;

3) Қоғамның қызметін, сондай-ақ сақтандыру және кепілдік беру мәселелерін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу.

Функциялар:

1) клиенттерді тарту және қоғамның барлық қаржылық (сақтандыру) және кепілдік өнімдері бойынша консультация беру;

2) қолданыстағы және әлеуетті экспорттаушыларды қоса алғанда, клиенттер базасын қалыптастыру және оларға қызмет көрсету;

3) ҚР өңірлерінің шағын және орта бизнес субъектілерін, "Даму "кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "Атамекен" ҚР ҰКП өңірлік орталықтарын/филиалдарын, Екінші деңгейдегі банктерді, өзге де қаржы институттарын қоғамның өнімдері мен қызметтері туралы хабардар етуді қамтамасыз ету мақсатында ҚР өңірлерінде ұйымдастырылатын форумдар мен іс-шараларға қатысу;

4) олармен бірлесіп іске асырылатын жобалар шеңберінде клиенттермен, банктермен және өзге де қаржы институттарымен өзара іс-қимыл жасау;

5) сақтандыру тәуекелінің көзі болып табылатын объектінің қаржылық жағдайы туралы бастапқы құжаттарды, қоғамға өтініштерді және өзге де ақпаратты жинау. Жиналған құжаттардың дұрыстығын талдау және тексеру, сондай-ақ оларды кейіннен сақтау;

6) сақтандыру, кепілдік беру мәмілелерін олар аяқталғанға дейін құрылымдау және сүйемелдеу;

7) Департаменттің құзыреті шегінде ҚР Мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалары, сондай-ақ өзге де бағдарламалық құжаттар бойынша ұсыныстарды келісу, әзірлеу;

8) Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша есептерді, анықтамаларды, хаттарды және басқа да құжаттарды дайындауды және бақылауды жүзеге асыру;

9) департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің, құрылымдық бөлімшеге кірмейтін Қоғам қызметкерлерінің, мемлекеттік органдардың, қауымдастықтардың, коммерциялық емес ұйымдардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің өкілдерінің қатысуымен хат алмасу, кеңестер өткізу.
Дағдылар
1С: Финансы
Қажетті жұмыс тәжірибесі
3 жылдан астам
Жұмыс кестесі
Полный день

Конкурс мәртебесі

  • Отказано 0
  • В обработке 4
  • Рассмотрение 22
  • Собеседование 0
  • Тестирование 1
  • Отбор 0
  • Принят 0

Кіру