Вакансия Бухгалтерлік есеп департаментінің бас менеджері (негізгі қызметкер болмаған кезеңде) Jobs.baiterek.gov.kz

Бос жұмыс орындары

Бухгалтерлік есеп департаментінің бас менеджері (негізгі қызметкер болмаған кезеңде) "Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі" АҚ

Вакансия ашық
  • Құрылған күні: 16.04.2026
  • Қаралымдар: 199
  • Жауаптар: 17

Вакансия туралы

Бас менеджер келесі біліктілік талаптарына сай болуы керек:

1) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) экономикалық немесе қаржылық білім;

2) Бухгалтерлік есеп және есептілік саласындағы жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл;

3) Қоғамның қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу.

1-міндет: ҚР Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына, бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарына, Қоғамның есеп саясатына, уәкілетті мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілеріне және белгіленген ішкі рәсімдерге сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу.

Функциялар:

1) Қоғамның есеп жүйесінде бухгалтерлік есепті жүргізу;

2) ақша қаражатын есепке алу, жеткізушілермен және мердігерлермен, өзге де кредиторлармен есеп айырысулар, шаруашылық және басқа да әкімшілік шығыстар;

3) уәкілетті органдардың шешімдеріне сәйкес дебиторлық берешек бойынша провизияларды (резервтерді) есепте көрсету;

4) депозиттер мен шоттар бойынша сыйақылар бөлігінде инвестицияларды есепке алу;

клиент-банк, онлайн-банкинг бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру және оларды есеп жүйесінде көрсету.

2-міндет: ҚР Салық заңнамасына сәйкес салық есебін жүргізу.

Функциялар:


1) ҚР Салық заңнамасына сәйкес Қоғам төлейтін салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді және жарналарды бюджетке уақтылы аудару.

3-міндет: Қоғамның қызметі және оның мүліктік жағдайы туралы толық және шынайы ақпаратты қалыптастыру.

Функциялар:

1) ҚР заңнамасына сәйкес Қоғам қызметінің шаруашылық процестері мен қаржылық нәтижелері туралы толық және анық ақпаратты қалыптастыруға қатысу;

2) уәкілетті мемлекеттік органдарға қаржылық және статистикалық есептілікті жасау және тапсыру;

лауазымдық міндеттері шеңберінде реттеушілік есептілікті дайындау.

4-міндет: мүдделі тұлғаларды қоғамның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайының өзгеруі туралы толық және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.

Функциялар:

1) есепті күнге дебиторлық және кредиторлық берешектің болуы туралы Қоғамның құрылымдық бөлімшелерін уақтылы хабардар ету;

2) бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, есептілікті жасау үшін деректерді дайындау және оларды мұрағатқа беру үшін ресімдеу;

3) Департаментке бекітілген ақпаратты, есептілікті қоғамның уәкілетті бөлімшелеріне және Жалғыз акционеріне уақтылы дайындау және беру
Дағдылар
1С: бухгалтерия
Қажетті жұмыс тәжірибесі
3 жылдан астам
Жұмыс кестесі
Полный день

Конкурс мәртебесі

  • Отказано 0
  • В обработке 14
  • Рассмотрение 0
  • Собеседование 0
  • Тестирование 3
  • Отбор 0
  • Принят 0

Кіру