Вакансия Жобалық басқару және ақпараттық технологиялар департаментінің бас менеджері Jobs.baiterek.gov.kz

Бос жұмыс орындары

Жобалық басқару және ақпараттық технологиялар департаментінің бас менеджері "Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі" АҚ

Вакансия ашық
  • Құрылған күні: 07.09.2026
  • Қаралымдар: 69
  • Жауаптар: 2

Вакансия туралы

  • Қоғамның ақпараттық қызметін қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық арналарды, деректер қоймаларын, ақпараттық технологияларды және өзге де құралдарды қоса алғанда, Қоғамның ІТ-инфрақұрылымын әзірлеу;

  • ақпараттық жүйелердің әдіснамалық негіздерін әзірлеу;

  • ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуіне қажетті жобалау құжаттамасы мен шығыстар сметасын әзірлеу;

  • ақпараттық жүйелерді пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету мәселелері бойынша нұсқаулықтарды, әдістемелік және нормативтік материалдарды әзірлеу;

  • ақпараттық жүйелерді жеткізушілермен (мердігерлермен) шарттық жұмысты ұйымдастыру;

  • компьютерлік жабдықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етуді және ІТ-қызметтерді сатып алуға байланысты шарттарды жүргізу;

  • ІТ-жүйелердің тиісті өнімділік деңгейін бақылау;

  • пайдаланушыларға техникалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру, пайдаланушыларды ақпараттық жүйелермен жұмыс істеуге және компьютерлік сауаттылыққа оқыту бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;

  • атқарылған жұмыс туралы тікелей басшыға есептер ұсыну;

  • Қоғамның ІТ-мүлкінің сақталуын және тиісінше пайдаланылуын қамтамасыз ету;

  • Қоғамның жергілікті есептеу желісінің (ЖЕЖ), жұмыс станцияларының, серверлері мен перифериялық құрылғыларының жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оларды қолдау және жетілдіру;

  • Active Directory жүйесін әкімшілендіру, оның ішінде пайдаланушыларды құру, бұғаттау және бұғаттан шығаруды жүзеге асыру;

  • серверлік техниканың техникалық қолдауын қамтамасыз ету;

  • Қоғамның барлық бағдарламалық қамтамасыз етуі мен ақпараттық жүйелерінің жаңартылуын бақылау;

  • барлық ақпараттық жүйелердің резервтік көшірмесін жасау процесін ұйымдастыру;

  • пайдаланушылардың өтінімдері бойынша қажетті қызмет көрсету деңгейін қамтамасыз ету, Service Desk жүйесіндегі барлық өтінімдер мен инциденттерді талдау;

  • бизнес-процестерді цифрлық трансформациялау мүмкіндіктерін талдау және оларды автоматтандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

  • электрондық құжат айналымы жүйесін енгізу және сүйемелдеу, оның Қоғамның басқа да жүйелерімен интеграциялануын қамтамасыз ету;

  • күнделікті қайталанатын міндеттерді автоматтандыруға арналған цифрлық шешімдерді әзірлеу және енгізу;

  • цифрлық шешімдерді қолданыстағы ақпараттық жүйелермен және ІТ-инфрақұрылыммен интеграциялау;

  • ішкі және сыртқы дереккөздерден деректерді жинау, оларды құрылымдалған деректер жиынтықтарын қалыптастыру мақсатында тазалау және түрлендіру процесін ұйымдастыру;

  • үрдістерді, заңдылықтар мен ауытқуларды анықтау мақсатында тереңдетілген талдау жүргізу;

  • шешімдер қабылдау үшін есептер мен деректерді визуализациялау құралдарын әзірлеу.

Дағдылар
1С: бухгалтерия
Advanced Microsoft Office
Kaspersky
Service Desk
Қажетті жұмыс тәжірибесі
3 жылдан астам
Жұмыс кестесі
Полный день

Конкурс мәртебесі

  • Отказано 0
  • В обработке 2
  • Рассмотрение 0
  • Собеседование 0
  • Тестирование 0
  • Отбор 0
  • Принят 0

Кіру