Вакансия туралы
Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптарыБіліміне қойылатын талаптарЖоғары заңгерлік білім.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімКандидаттың төмендегілер бойынша білімі болуы тиіс:
- Қоғамның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері;
- Лауазымның функционалдық бағытына сәйкес келетін салалардағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;
- МС ИСО 9001 халықаралық стандартының негізгі талаптары;
- Мемлекеттік және орыс тілдерін жазбаша және ауызша сөйлеуде еркін меңгеру деңгейінде білу.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті құзыреттерФункционалдық құзыреттер:- ішкі нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлей білу;
- сараптамалық қорытынды әзірлей білу және жетекшілік ететін бағыттың тиімділігін арттыру бойынша нақты ұсыныстар әзірлей білу;
- деректерді қарқынды және ауқымды жинау және талдау дағдылары;
- заманауи ақпараттық технологиялар жүйелерін пайдалана отырып жұмыс істей білу;
- тиімді презентация жасау және іскерлік қарым-қатынас дағдылары.
Жеке тұлғалық құзыреттер:- стресске төзімділік және көп міндеттілік жағдайында тиімді жұмыс істей білу;
- дамыған коммуникативтік дағдылар;
- нәтижеге бағдарлану;
- сауатты ауызша және жазбаша сөйлеу;
- жұмыс қызметін өз бетінше жоспарлау және басымдықтарды белгілей білу;
- қажетті ақпаратты жедел іздеу, өңдеу және жүйелеу;
- кәсіби тұрғыдан үнемі даму және құзыреттерді жетілдіруге дайын болу.
Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттер- Претензиялық және талап-арыз жұмыстарын жүргізу, сот процестеріне қатысу;
- Филиал қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
- Бөлім бастығының тапсырмасы бойынша келіп түскен хат-хабарларды орындау;
- Проблемалық қарыздарға жатпайтын Филиалдың сот істері бойынша Құқықтық департаментке есептілік ұсыну;
- Қоғамның талаптарын, талап-арыздарын, апелляциялық және кассациялық шағымдарын, өтінішхаттарын және соттарға, мемлекеттік органдарға жолданатын басқа да құжаттарын дайындау, дайындауға қатысу, жолдау және келісу;
- Филиалға келіп түскен қарыз алушылардың кредиттік өтінімдеріне олардың заңдылығы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс ресімделуі тұрғысынан құқықтық сараптама жүргізу, тиісті заңдық қорытындылар дайындау;
- Еңбек тәртібін сақтау;
- Филиал басшылығының бұйрықтары мен өкімдерін орындау;
- Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, қауіпсіздік техникасын, өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын сақтау;
- Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын сақтау.
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптарКәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде 2 (екі) жыл жұмыс тәжірибесі.
Жұмыс жағдайлары- Жұмыс режимі: толық жұмыс күні, 5/2;
- Жұмысқа қабылдау нысаны: еңбек шарты;
- Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру.
Жұмыс орнының орналасқан жері:Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Қонаев даңғылы, 15/2, «ALBAN» БО, 8-қабат.