Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (біліктілік талаптарына және/немесе лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес):
1) Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі экономикалық/қаржылық/заңдық/техникалық/математикалық/гуманитарлық білім және (немесе) ақпараттық технологиялар саласындағы білім;
2) Жұмыс тәжірибесі жобадағы рөлге байланысты айқындалады және кемінде 1-3 жылды құрауы тиіс;
Жобалық басқару бағыты бойынша тиісті курстардан өткені туралы сертификаттың немесе кәсіптік сертификаттаудың болғаны жөн. Осы тармақ шеңберінде жобалық басқару деп мынаны түсіну керек: agile-жұмысы бірнеше қысқа кезеңдерге бөлінетін жобаларды икемді басқару, бұл ретте команда бір мезгілде бірнеше міндеттермен жұмыс істейді, waterfall-тапсырмаларды каскадтаудан тұратын жобаларды кезең-1) кезеңімен басқару, бұл ретте жобамен жұмыс істегеннен кейін егжей-тегжейлі техникалық тапсырма жасалады бекітілген жоспар бойынша жүзеге асырылады;2) Мемлекеттік, орыс, ағылшын және басқа да шет тілдерін білуі;
3) Корпоративтік қаржы, қаржылық жоспарлау, тәуекел-менеджмент негіздері, қаржылық жоспарлар мен қаржы модельдерін жасау тәртібі;
4) Макроэкономикалық талдау негіздері;
5) Акционерлік қоғамдар, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша ҚР заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, ҚР Еңбек және салық заңнамасының негіздері;
6) Жобаларды басқару құралдары мен әдістері;
7) Келіссөздер жүргізу және презентациялар өткізу дағдылары;
8) Жобадағы жұмыс теориясы мен практикасы;
9) Компанияның стратегиялық және қаржылық қызметіне қатысты нормативтік әдістемелік материалдар;
10) Есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдарымен жұмыс істеу дағдылары;