Вакансия туралы
Білімі:
Тиісті бағыт бойынша жоғары.
Жұмыс тәжірибесі:
Мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 2 (екі) жыл.
Арнайы білім мен дағдылары:
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы, оның ішінде қаржы, банк және кредит қызметін реттейтін заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасын білуге және қолдануға тиіс;
- құжаттарды (шарттарды, есептерді, актілерді және т.б.) жүргізу және жасау тәртібін, негіздері мен ережелерін білу;
- келіссөздер жүргізу дағдыларына ие болуы тиіс;
- іскерлік хат алмасу дағдыларының болуы.
Қорда жұмыс істейтін жұмыскер ауысқан жағдайда (жоғарыда жазылғанға қосымша):
- Департамент қызметіне қатысты қаулыларды, өкімдерді, бұйрықтарды және басқа да құжаттарды білуі тиіс;
- Қор бағдарламаларын, сондай-ақ ішкі нормативтік құжаттарды әзірлей және жүзеге асыра білуі тиіс.
Тіл білімі: Қазақша/орысша
Компьютерде жұмыс істеу дағдылары мен білімі:
Тәжірибелі пайдаланушы деңгейінде MS Office, пошталық қосымшалар мен интернет-ресурстарды білу, қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды білу (1С және т.б.) - мүмкіндігінше.
Дағдылар
Қажетті жұмыс тәжірибесі