Вакансия туралы
Білімі:
Тиісті бағыт бойынша жоғары.
Жұмыс тәжірибесі:
Мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 2 (екі)
жыл.
Арнайы білім мен дағдылары:
Қазақстан Республикасының
қолданыстағы, оның ішінде қаржы, банк
және кредит қызметін реттейтін
заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы
заңнамасын білуге және қолдануға тиіс;
құжаттарды (шарттарды, есептерді,
актілерді және т.б.) жүргізу және жасау
тәртібін, негіздері мен ережелерін білу;
келіссөздер жүргізу дағдыларына ие болуы
тиіс;
іскерлік хат алмасу дағдыларының болуы.
Қорда жұмыс істейтін жұмыскер ауысқан
жағдайда (жоғарыда жазылғанға қосымша):
Департамент қызметіне қатысты қаулыларды,
өкімдерді, бұйрықтарды және басқа да
құжаттарды білуі тиіс;
Қор бағдарламаларын, сондай-ақ ішкі
нормативтік құжаттарды әзірлей және жүзеге
асыра білуі тиіс.
Тіл білімі: Қазақша/орысша.
Компьютерде жұмыс істеу дағдылары мен
білімі:
Тәжірибелі пайдаланушы деңгейінде MS Office,
пошталық қосымшалар мен интернет-
ресурстарды білу, қолданбалы компьютерлік
бағдарламаларды білу (1С және т.б.) -
мүмкіндігінше.
Бас менеджердің лауазымдық міндеттеріне
құзыреті шегінде келесілер кіреді:
1) Қор басшылығы өткізетін кеңестерге қатысу
(қажет болған жағдайда);
2) қарыз алушылармен және үшінші тұлғалармен
қатынастарда Қордың шарттық саясатын сақтау
және жетілдіру, шарттарды ресімдеу, келісу және
жасасу рәсімдерін ұтымды ету және реттеу;
3) Қордың басқа құрылымдық бөлімдерімен
бірлесіп, мүдделі тараптардың қол қоюына
шарттық құжаттарды жасау және пысықтау;
4) өз құзыреті шеңберінде Қордың басқа
құрылымдық бөлімдерімен бірлесіп, Қор
қызметіне байланысты нормативтік актілер
жобаларын дайындауға қатысу;
5) Қор қызметі процесінде туындайтын құқықтық
мәселелер бойынша қорытындылар жасау;
6) Қордың құрылымдық бөлімдерінің қызметін
реттейтін құжаттарды әзірлеуге қатысу;
7) Қор жұмыскерлеріне құқықтық мәселелер
бойынша ауызша консультациялар беру;
8) жобалар бойынша құқықтық сараптамалар
жүргізу және заңдық қорытындылар дайындау;
9) Қордың ішкі құжаттарына сәйкес Қордың сатып
алуды жүргізуіне қатысу;
10) Департамент құзыретіне жатқызылған Қор
қызметі мәселелері бойынша мемлекеттік
органдармен жұмыс;
11) Департамент құзыретіне жатқызылған
мәселелер бойынша Қордың қаржылық
операцияларын құқықтық қамтамасыз ету;
12) Қор жұмыскерлерін Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамасы
туралы ақпаратпен қамтамасыз ету (сұрау салу
бойынша);
13) екінші деңгейдегі банктерде Қордың
қаражатын шартты орналастыру бағдарламасы
бойынша, сондай-ақ Департамент құзыреті
шеңберінде басқа да бағдарламалар бойынша
құжаттарды құқықтық сүйемелдеу мен
дайындауға қатысу;
14) Департамент құзыретіне жатқызылған
мәселелер бойынша құқық қорғау, мемлекеттік
органдармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-
қимыл жасау;
15) Департамент құзыреті шеңберінде және
Қордың ішкі құжаттарына сәйкес барлық сот
инстанцияларына, мемлекеттік органдарға Қор
атынан талап-арыздар, пікірлер, қарсылықтар
және өзге де құжаттар дайындау;
16) Департамент құзыретіне жатқызылған талап
қою жұмысы мәселелері бойынша барлық сот
сатыларында, мемлекеттік органдарда Қордың
мүдделерін қорғау мақсатында өкілдік ету;
17) басшылық алдында Департамент құзыретіне
жатқызылған мәселелер бойынша Қор қызметін жақсарту туралы мәселелерді қою үшін сотдауларын қарауды талдау;
18) Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі қордың
(бұдан әрі - АҚ) қауіпсіздік бөлімшесінің жауапты
жұмыскерлерін АҚ жағдайлары туралы уақтылы
хабардар ету (департамент жұмыскерлерінің
күдікті электрондық хаттарды, спам жіберулерді,
бөлімнің жұмыс станцияларындағы вирустық
белсенділікке күдік және т.б.);
19) Қорда қолданылатын АҚ ережелері мен
талаптары туралы ақпаратты Департамент
жұмыскерлерінің назарына жеткізу;
20) АҚ қатерлері, Қорда бекітілген ережелер мен
талаптар, сондай-ақ ақ АҚ қатысты ҚР
нормативтік актілері мен заңдары туралы
хабардар болу деңгейін арттыру бойынша
қауіпсіздік бөлімшесі өткізетін семинарлар мен
кездесулерге қатысу;
21) Қорда операциялық тәуекелдерді тиісінше
басқару мақсатында операциялық тәуекелдерді
басқару саясаты мен рәсімдерін сақтау бойынша
бақылауды жүзеге асыруда департамент
директорына жәрдемдесу;
22) «Операциялық тәуекелдер» модулінде
хабарламаларды тіркеу арқылы операциялық
тәуекел оқиғалары туралы ақпаратты толық және
уақтылы жинауды және ұсынуды қамтамасыз ету;
23) тәуекелдің түйінді индикаторларының тізбесін
уақтылы қалыптастыру;
24) коперациялық тәуекелдердің өзін-өзі
бағалауын дайындауды үйлестіру және уақтылы
жүргізу;
25) операциялық тәуекелдерді басқару жөніндегі
сұрау салуларға жауаптарды дайындау және
уақтылы жіберу.
Дағдылар
Қажетті жұмыс тәжірибесі