Вакансия Өңірлік директор (Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласы) Jobs.baiterek.gov.kz

Бос жұмыс орындары

Өңірлік директор (Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласы) "Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі" АҚ

Вакансия ашық
  • Құрылған күні: 03.08.2026
  • Қаралымдар: 209
  • Жауаптар: 17

Вакансия туралы

Өңірлік директор төмендегі біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс:

  1. тиісті мамандық бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болуы;
  2. құрылымдық бөлімшенің қызмет бағыты бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі болуы;
  3. басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 1 (бір) жыл болуы;
  4. Қоғамның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білуі;
  5. дербес компьютермен, мамандандырылған бағдарламалармен және ақпараттық-анықтамалық бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу дағдылары болуы.

1-міндет: Қоғамның мүдделерін шетелде білдіру.

Функциялары:

  1. Қоғамның атынан байланыстар мен іскерлік қатынастар орнату, мемлекеттік органдармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен, үкіметтік, үкіметтік емес және корпоративтік сектор компанияларымен, экспорттық-кредиттік агенттіктермен, сақтандыру/қайта сақтандыру ұйымдарымен, банктік, кредиттік және өзге де қаржы институттарымен, даму институттарымен, сондай-ақ Өңірлік директор орналасқан елдің/өңірдің аумағында орналасқан өзге де экономикалық ұйымдармен, шаруашылық жүргізуші субъектілермен, халықаралық ұйымдармен, одақтармен, қауымдастықтармен және басқа да бірлестіктермен (бұдан әрі – контрагенттер) қарым-қатынаста Қоғамның мүдделерін білдіру, ілгерілету және қорғау;
  2. Қоғам қызметкерлерінің іс-шараларын, сапарларын ұйымдастыруға, Қоғам өнімдерін ілгерілету және әлеуетті клиенттермен ынтымақтастық орнату мақсатындағы қызметтік іссапарларды ұйымдастыруға жәрдемдесу;
  3. Қоғаммен коммерциялық және коммерциялық емес сипаттағы ынтымақтастық құжаттарын жасасу мәселелері бойынша контрагенттермен жұмыс жүргізу;
  4. Қоғам мен контрагенттер арасында қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуына мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуына жәрдемдесу;
  5. орналасқан елдегі шағын және орта бизнес субъектілерін, екінші деңгейдегі банктердің өңірлік орталықтары мен филиалдарын Қоғамның өнімдері мен көрсетілетін қызметтері туралы хабардар ету мақсатында қызметтік іссапарларға шығу;
  6. Қоғамның өндірістік міндеттеріне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларына және Қоғамның даму жоспарына сәйкес клиенттерді тарту, сақтандыру және қаржыландыру жобалары бойынша құжаттарды ресімдеу мақсатында қызметтік іссапарларға шығу;
  7. Қоғаммен келісу бойынша шет мемлекетте Қазақстан Республикасының шикізаттық емес тауарларының, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерінің экспортын ілгерілетуге, сондай-ақ контрагенттер мен әлеуетті клиенттерді Қоғаммен ынтымақтастыққа тартуға бағытталған экономикалық сипаттағы іс-шараларды (форумдар, семинарлар, брифингтер, роуд-шоулар және т.б.) ұйымдастыру;
  8. Қоғамның тапсырмасы бойынша экспорт мәселелері жөніндегі үкіметаралық комиссиялардың, іскерлік кеңестердің, дөңгелек үстелдердің, бизнес-форумдардың, роуд-шоулардың, конференциялардың, көрмелер мен жәрмеңкелердің жұмысына, сондай-ақ контрагенттермен келіссөздерге қатысу.
Дағдылар
Управление региональными филиалами организации
Қажетті жұмыс тәжірибесі
3 жылдан астам
Жұмыс кестесі
Удаленная работа

Конкурс мәртебесі

  • Отказано 0
  • В обработке 11
  • Рассмотрение 0
  • Собеседование 0
  • Тестирование 4
  • Отбор 0
  • Принят 0

Кіру