Вакансия туралы
Білімі: Тиісті бағыт бойынша жоғары білім.Жұмыс тәжірибесі: Шағын және орта бизнесті не/немесе корпоративтік несиелеу/кредиттік әкімшілендіру/тәуекелдерді басқару саласында немесе жеке кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі – ЖКС) жобаларын талдау және қаржыландырумен байланысты ұлттық даму институттарында кемінде 2 (екі) жыл банк немесе қаржы ұйымында жұмыс өтілі болуы тиіс.
Арнайы білімі мен дағдылары: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, соның ішінде қаржылық, банк және кредиттік қызметті реттейтін заңнаманы білуі және қолдана білуі тиіс;
· Қаржылық талдауды, тәуекелдерді басқару процесінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін, бухгалтерлік есептің негіздері мен әдістерін білуі тиіс;
· Құжаттарды (шарттар, есептер, актілер және т.б.) ресімдеу мен жүргізудің тәртібін, негіздері мен қағидаларын білуі тиіс;
· Іскерлік хат алмасу дағдылары болуы тиіс;
· Презентациялар мен келіссөздер жүргізу дағдыларына ие болуы тиіс.
«Даму» қоры» АҚ-да жұмыс істейтін қызметкерді ауыстыру жағдайында (жоғарыда көрсетілгендерге қосымша):
Қор қызметіне қатысты қаулыларды, өкімдерді, бұйрықтар мен өзге де құжаттарды білуі тиіс. Компьютерде жұмыс істеу дағдылары мен білімі: MS Office, электрондық пошта қосымшалары мен интернет-ресурстарды тәжірибелі пайдаланушы деңгейінде білуі тиіс, қолданбалы бағдарламаларды (1С және т.б.) білуі құпталады.
Тілдерді білу: Қазақ/орыс
Дағдылар
Қажетті жұмыс тәжірибесі