Жоғары бейінді білім (журналистика, қоғаммен байланыс, әлеуметтік немесе гуманитарлық ғылымдар).
Баспасөз қызметінде, қоғаммен байланыс қызметінде немесе PR саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
Мемлекеттік және орыс тілдерін міндетті түрде білу. Ағылшын тілін білу артықшылық болып табылады.
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде ҚР «Масс-медиа туралы» Заңын білу.
MS Office (Word, Excel, PowerPoint) бағдарламаларын сенімді меңгеру, электрондық құжат айналымы жүйелерімен жұмыс істеу дағдылары.
Іскерлік, корпоративтік және имидждік іс-шараларды фото және бейнетүсірілім жасау дағдылары.
Пресс-релиздер, ақпараттық материалдар және әртүрлі тарату арналарына арналған коммуникациялық материалдарды дайындау дағдылары.
БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасау және PR іс-шараларын ұйымдастыру қағидаттарын білу.
Әлеуметтік желілермен жұмыс істеу және контент материалдарын дайындау дағдылары.
Міндеттері:
Қоғамның PR-стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға қатысу.
Қоғамның даму стратегиясына сәйкес ақпараттық саясатты қалыптастыруға, оның негізгі бағыттарын және іске асыру бойынша іс-шараларды айқындауға қатысу.
Бұқаралық ақпарат құралдарымен, мемлекеттік органдардың, ұлттық және квазимемлекеттік компаниялардың баспасөз қызметтерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.
Қоғамның танымалдылығын арттыруға және имиджін нығайтуға бағытталған сыртқы ақпараттық коммуникацияларды және іс-шараларды ұйымдастыру.
БАҚ-та және Қоғамның медиа-ресурстарында жариялау үшін ақпараттық материалдарды, пресс-релиздерді және басқа да коммуникациялық материалдарды дайындау.
Мердігерлер көрсететін қызметтердің орындалуын бақылау, сондай-ақ Қоғам қызметінің шарттары бойынша ай сайынғы төлемдерді жүргізуді бақылау.
Қоғамның ресми сайтын ақпаратпен толықтыру, өзектендіру және мониторинг жүргізу.
Қызметтің жұмысы туралы ай сайынғы есептерді дайындауды ұйымдастыру.
Ақпараттық материалдарды, іс-шараларды және пресс-релиздерді БАҚ пен Қоғамның медиа-ресурстарында жариялау алдында фото және бейнематериалдармен сүйемелдеу.
Қоғам қызметін SMM бағытында сүйемелдеуге қатысу, әлеуметтік желілерді бақылау және мониторинг жүргізу, контент дайындау және орналастыру.
Корпоративтік, имидждік және ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу.
Шарттары:
Ұлттық компанияда жұмыс істеу;
Тату және кәсіби ұжым;
2 мерекеге орай сыйақы және еңбек демалысына материалдық көмек көрсету;