Вакансия туралы
Лауазымның мақсаты мен міндеттері:
- Қаржыландыру жоспарының орындалуын және индикативтік жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ету;
- Филиалдың корпоративтік клиенттері мен ірі жобаларын қаржыландыруға қатысты өтінімдерді уақтылы әрі сапалы қарастыру.
Білімге қойылатын талаптар:
- Экономикалық / қаржылық / заңгерлік немесе техникалық білім (шағын / орта / ірі бизнесті кредиттеу саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі болған жағдайда техникалық білімге жол беріледі).
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
- Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі;
- Жолдаушы тараптың қызметкерлері үшін лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
- Лауазымның мамандану бағытына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;
- Қоғамның бағалау қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;
- «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) Жарғысы;
- Қоғам қызметіне қатысты нормативтік және әдістемелік материалдар;
- Филиалдың кредиттеу бөлімінің қызметіне қатысты жұмыс тәртібі (қағидалар, құжаттар, іс-шаралар);
- Экономика негіздері, кәсіпорынның қаржылық талдауы, ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру негіздері;
- Қоғамның ішкі нормативтік құжаттары;
- Мемлекеттік тілді білу;
- МС ИСО 9001 халықаралық стандартының талаптарын білу.
Жеке қасиеттері:
- Көпміндеттілік жағдайында жұмыс істей алу және стресске төзімділік;
- Қарым-қатынас жасау қабілеті;
- Нәтижеге бағдарлану;
- Сауатты ауызша және жазбаша сөйлеу;
- Қажетті ақпаратты жылдам таба білу;
- Белсенді өмірлік ұстаным;
- Үнемі өзін-өзі дамытуға ұмтылу;
- Клиентке бағдарланған жұмыс қағидатын ұстану.