Вакансия туралы
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Астана қаласы аймактык филиалының менеджер-заңгері.
Жұмыс тәжірибесіМамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс, оның ішінде талап-арыз және шағым-талап жұмыстарын жүргізу саласында.
Арнайы білім мен дағдылар▪ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, оның ішінде қаржылық, банктік және несиелік қызметті реттейтін заңнаманы, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік туралы заңнаманы білуі және қолдана алуы тиіс;▪ шарттарды әзірлеу, талап қою арыздарын/шағымдарды/хаттарды және басқа да құжаттарды дайындау дағдыларының болуы;▪ борышкердің және/немесе кепіл берушінің Қор алдындағы міндеттемелерін ерікті түрде орындауына бағытталған сотқа дейінгі іс-шараларды ұйымдастыру;▪ шағым-талап және талап-арыз жұмыстарын жүргізу;▪ сотта мүдделерді таныстыру және қорғау;▪ кепілге қойылған мүлікті/лизинг нысандарын соттан тыс тәртіппен өткізу бойынша сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ оларды сот тәртібімен не тараптардың келісімі бойынша сату жұмыстарын жүргізу;▪ атқарушылық іс жүргізу шеңберінде Қордың мүдделерін білдіру және қорғау;▪ іскерлік қарым-қатынас дағдылары;▪ аналитикалық ойлау қабілеті;▪ өз бетінше және команда құрамында жұмыс істей білу.
Компьютерлік дағдыларMS Office бағдарламаларын, электрондық пошта қосымшаларын және интернет-ресурстарды тәжірибелі пайдаланушы деңгейінде білу, қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды (1С және т.б.) білуі құпталады.
Тілдерді білуіҚазақ және орыс тілдері.
Дағдылар
Қажетті жұмыс тәжірибесі