Вакансия Заңды тұлғалармен жұмыс департаментінің Бас маманы Jobs.baiterek.gov.kz

Бос жұмыс орындары

Заңды тұлғалармен жұмыс департаментінің Бас маманы "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ

Вакансия ашық
  • Құрылған күні: 18.06.2026
  • Қаралымдар: 106
  • Жауаптар: 16

Вакансия туралы

Лауазымдық нұсқаулықтан негізгі лауазымдық міндеттер:
1) Кепілдік беру/субсидиялау/ҚҚИЖ қаржыландыру жобаларын сүйемелдеуді жүзеге асырады. Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру, субсидиялар беру, КЖАК, Кредиттік шарт және т.б. бойынша бизнес-процестер шеңберінде шарттардың жобаларын дайындайды және оларды жасасуды қамтамасыз етеді. Кепілдік беру шарттары бойынша кепілдік жарнаның уақтылы төленуін бақылауды жүзеге асырады. Жобаны іске асыруға байланысты түрлі техникалық мәселелер бойынша құрылыс салушылардың/уәкілетті компанияның/қарыз алушының/кепілгердің/кепіл берушінің/жеке құрылыс салушылардың өтініштерін қарайды және оларды уәкілетті органның қарауына шығарады (оның ішінде субсидиялау бойынша транштар мәселелері). Іріктеу процесінде инжинирингтік компаниялардың қаржылық жағдайына талдау жүргізеді. Жобалар бойынша досьені қалыптастыру және оларды мұрағатқа тапсыру іс-шараларын жүзеге асырады.
2) Кейінгі бақылауды жүзеге асырады. Кепілдіктер беру рәсімі шеңберінде уәкілетті органдар шешімдерінің жобаларын, шарттар жобаларын тексереді. Құрылыс салушылардың/уәкілетті компанияның/қарыз алушының/кепілгердің/кепіл берушінің/жеке құрылыс салушылардың міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізеді. Сұрау салулар бойынша жетекшілік ететін жобалар жөнінде ақпарат дайындайды.
3) Құрылымдық бөлімшенің бизнес-процестері мен міндеттеріне байланысты тәуекелдерді өз құзыреті шегінде басқаруға қатысады.
4) Компанияның ішкі құжаттарына, Департамент директорының немесе жетекшілік етуші басшының тапсырмаларына сәйкес өзге де функцияларды, соның ішінде тәуекел-үйлестіруші функцияларын жүзеге асырады.


Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (біліктілік талаптарына және/немесе лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес):
- Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі заң/қаржы/экономикалық/техникалық білім. Қаржы талдаушысы, жобалық/кредиттік менеджер ретінде қаржы/банк саласындағы жұмыс тәжірибесі, оның ішінде компаниялардың қаржылық жағдайына талдау жүргізу/ШОБ/корпоративтік бизнес секторының жобаларына кредит беру тәжірибесі кемінде 2 жыл болуы тиіс. Бухгалтерлік есеп, салық салу, Қаржы-шаруашылық қызметті талдау, компанияларды жобалық талдау негіздерін білу.

Қосымша:
1) тұрғын үй құрылысына және құрылыс қызметіне үлестік қатысу саласындағы заңнаманы, акционерлік қоғамдарды, Қазақстан Республикасының еңбек және салық заңнамасының негіздерін жақсы білу;
2)  қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді иелену (анықтамалық құқықтық жүйелер, мәтіндік редакторлар, электрондық құжат айналымы жүйесі, электрондық пошта, интернет);
3) құжаттармен жұмыс істеу дағдылары (іскерлік хаттар жасау, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жеке
тұлғалармен хат алмасу).
Дағдылар
Кредитование МСБ
Основы налогового учета
Финансовый анализ
Қажетті жұмыс тәжірибесі
2 жылдан астам
Жұмыс кестесі
Полный день

Конкурс мәртебесі

  • Отказано 3
  • В обработке 0
  • Рассмотрение 12
  • Собеседование 0
  • Тестирование 0
  • Отбор 0
  • Принят 0

Кіру