Вакансия туралы
Менеджер лауазымына жоғары экономикалық білімі бар және мамандығы бойынша кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.
Менеджері мыналарды білуі тиіс: халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын, салықтық есеп жүргізу тәртібін, бухгалтерлік есепке қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құжаттарын; Құжаттарды (шарттар, есептер, актілер және т.б.) ресімдеу және жасау тәртібі мен негіздерін;
MS Office, электрондық пошта қосымшалары мен интернет-ресурстарды, қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды, "1С-Бухгалтерияны", салық төлеуші кабинетінің жүйесін,
Тілдерді білуі: қазақ/орыс тілдері
Егер Қор қызметкері ішкі ауысым арқылы тағайындалса, жоғарыда көрсетілгендерге қосымша:
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу, қаржылық есептілік жасау, Қордың шаруашылық-қаржылық қызметі мәселелері бойынша жоғары тұрған және уәкілетті мемлекеттік органдардың қаулыларын, өкімдерін, бұйрықтарын, өзге де әдістемелік және нормативтік материалдарды; ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу тәртібін және олармен жұмыс істеу дағдыларын білуі және игеруі тиіс.
Дағдылар
Қажетті жұмыс тәжірибесі