Вакансия Қызметкерлерді іріктеуге өтінім (Бағдарламаларды жылжыту бойынша бас менеджер; Бағдарламаларды насихаттау және аймақтық дамыту департаменті) Jobs.baiterek.gov.kz

Бос жұмыс орындары

Қызметкерлерді іріктеуге өтінім (Бағдарламаларды жылжыту бойынша бас менеджер; Бағдарламаларды насихаттау және аймақтық дамыту департаменті) "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры " АҚ

Вакансия ашық
  • Құрылған күні: 17.06.2026
  • Қаралымдар: 72
  • Жауаптар: 17

Вакансия туралы

1.1. Лауазымның толық атауы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Бағдарламаларды насихаттау және аймақтық дамыту департаментінің бас менеджері (бұдан әрі – Бас менеджер).

1.2. Бас менеджер өз жұмысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, Қордың Жарғысын, Жалғыз акционердің және Қордың ішкі құжаттарын (бұдан әрі – ІҚ), Департамент туралы ережені, Қор басшылығының бұйрықтарын, өкімдерін және осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.

1.3. Бас менеджер Қор Басқарма Төрағасының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның бұйрығы негізінде белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және атқаратын лауазымынан босатылады.

1.4. Бас менеджер тікелей Департамент директорына бағынады.

1.5. Бас менеджер болмаған жағдайда, оның міндеттері Департамент директорының шешімі бойынша Департаменттің басқа жұмыскеріне жүктелуі мүмкін. Бұл ретте Бас менеджер Департаменттің басқа жұмыскері қол қойған немесе келіскен құжаттар/істер үшін, олар өзіне берілгенге дейін, жауапты болмайды.
Дағдылар
1С: Документооборот
Advanced Microsoft Office
Қажетті жұмыс тәжірибесі
3 жылдан астам

Конкурс мәртебесі

  • Отказано 0
  • В обработке 17
  • Рассмотрение 0
  • Собеседование 0
  • Тестирование 0
  • Отбор 0
  • Принят 0

Кіру