Вакансия туралы
Жоғары экономикалық/қаржылық/заңгерлік білім.
Шағын және орта бизнесті несиелеу және/немесе корпоративтік несиелеу/несиелік әкімшілендіру/тәуекелдерді басқару саласында банк немесе қаржы ұйымында, не болмаса жеке кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі – ЖКС) жобаларын талдау және қаржыландырумен байланысты ұлттық даму институттарында кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілі болуы тиіс. Қорда тағылымдамадан өткен жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
▪ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, оның ішінде қаржы, банк және несиелік қызметті реттейтін заңнаманы білуі және қолдана алуы тиіс;
▪ Қаржылық талдау жүргізу, тәуекелдерді басқару процесінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін, бухгалтерлік есептің негіздері мен әдістерін білуі тиіс;
▪ Құжаттарды (шарттар, есептер, актілер және т.б.) жүргізу мен рәсімдеу тәртібін, негіздері мен қағидаларын білуі тиіс;
▪ Іскерлік хат алмасу дағдылары болуы тиіс;
▪ Презентациялар өткізу және келіссөздер жүргізу дағдылары болуы тиіс.
«Даму» Қорында жұмыс істейтін қызметкерді ауыстыру жағдайында (жоғарыда көрсетілген талаптарға қосымша):
▪ Қор қызметіне қатысты қаулыларды, өкімдерді, бұйрықтарды және өзге де құжаттарды білуі тиіс.
MS Office бағдарламаларын, электрондық пошта қосымшаларын және интернет-ресурстарды тәжірибелі пайдаланушы деңгейінде меңгеруі, қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды (1С және т.б.) білуі құпталады.
Қазақ және орыс тілдерін білуі тиіс.
Дағдылар
Қажетті жұмыс тәжірибесі