Вакансия туралы
Білімі: Жоғары білім тиісті бағыт бойынша.
Жұмыс тәжірибесі: Банк / қаржы ұйымы / Ұлттық компания / ұлттық даму институтында жұмыс тәжірибесінің болуы құпталады. Шағын және орта бизнесті несиелеу немесе корпоративтік несиелеу, сондай-ақ кредиттік әкімшілендіру саласында кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілі болуы міндетті.
- Арнайы білім мен дағдылар: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, оның ішінде қаржы, банк және кредит қызметін реттейтін заңнаманы білу және қолдану;
- қаржылық талдауды, бухгалтерлік есептің негіздері мен әдістерін білу;
- құжаттарды (шарттарды, есептерді, актілерді және т.б.) жүргізу және жасау тәртібін, негіздері мен қағидаларын білу.
Компьютерде жұмыс істеу дағдылары мен білімі: MS Office, пошталық қосымшалар және тәжірибелі пайдаланушы деңгейіндегі интернет-ресурстар, қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды білу (1С және т.б.) – мүмкіндігінше
Тіл білімі: Қазақ, орыс тілдері.