Вакансия Тұрғын үй және инфрақұрылымдық бағдарламалар департаментінің Жоба менеджері Jobs.baiterek.gov.kz

Бос жұмыс орындары

Тұрғын үй және инфрақұрылымдық бағдарламалар департаментінің Жоба менеджері "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ

Вакансия ашық
  • Құрылған күні: 11.06.2026
  • Қаралымдар: 40
  • Жауаптар: 3

Вакансия туралы

Лауазымдық нұсқаулықтан негізгі лауазымдық міндеттер:
1.  Жобалау жұмысы қағидаты бойынша Компанияның қызметін жүзеге асыру (agile, waterfall);
2.  Ұлттық жобалар мен мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары шеңберінде Компанияның мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу жөніндегі міндеттемелерінің уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз ету;
3.  Кешенді құрылыс стандарттарын дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4.  Ипотекалық портфельді секьюритилендіруге байланысты іс-шараларды ұйымдастыру;
5.  Серіктес банктерден ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты іс-шараларды ұйымдастыру;
6.  Қазақстан Республикасының тұрғын үй жылжымайтын мүлік нарығын және инфрақұрылымын қолдаудың жаңа тетіктерін құру және қолданыстағы тетіктерін жаңғырту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
7.  Компанияның халықаралық ынтымақтастық саласындағы қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
8.  Тұрғын үй жылжымайтын мүлік секторының әртүрлі салаларында зерттеулер жүргізу және талдамалық материалдарды әзірлеу;
9.  Контрагенттердің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес контрагенттердің қаржылық жағдайының мониторингтік есептерін дайындау;
10. Департаменттің бизнес-процестерін цифрландыру/автоматтандыру;
11. Компанияның жаңа өнімдерін әзірлеу;
12.  Департаменттің жұмысын қамтамасыз ету мақсатында өзге де міндеттер.
Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (біліктілік талаптарына және/немесе лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес):
- Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі экономикалық/қаржылық/заңдық/техникалық/математикалық/гуманитарлық білім және (немесе) ақпараттық технологиялар саласындағы білім. Жұмыс тәжірибесі жобадағы рөлге байланысты айқындалады және кемінде 1-3 жылды құрауы тиіс.
Жобалық басқару бағыты бойынша тиісті курстардан өткені туралы сертификаттың
немесе кәсіптік сертификаттаудың болғаны жөн.

Қосымша:
1) Мемлекеттік, орыс, ағылшын және басқа да шет тілдерін білуі;
2) Корпоративтік қаржы, қаржылық жоспарлау, тәуекел-менеджмент негіздері, қаржылық жоспарлар мен қаржы модельдерін жасау тәртібі;
3) Макроэкономикалық талдау негіздері;
4) Акционерлік қоғамдар, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша ҚР заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, ҚР Еңбек және салық заңнамасының негіздері;
5) Жобаларды басқару құралдары мен әдістері;
6) Келіссөздер жүргізу және презентациялар өткізу дағдылары;
7) Жобадағы жұмыс теориясы мен практикасы;
8) Компанияның стратегиялық және қаржылық қызметіне қатысты нормативтік әдістемелік материалдар;
9) Есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдарымен жұмыс істеу дағдылары;
10) Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі іскерлік жазу дағдылары, коммуникация дағдылары, жедел міндеттерді талдау және шешу, стресске төзімділік және жанжалды жағдайларды шешу, командалық рух, даму, өз жұмысын ұйымдастыру, нәтижеге жауапкершілік.
11) Көп сценарийлік қаржы модельдерін, жобалық қаржыландыру модельдерін, инвестициялық модельдер мен операциялық бюджеттерді құрудың практикалық тәжірибесін әзірлеу мүмкіндігі;
12) Excel (жетілдірілген деңгей), Power BI және т. б.

Дағдылар
Автоматизация бизнес процессов
Анализ макроэкономической среды
Ценные бумаги
Қажетті жұмыс тәжірибесі
1 жылдан астам
Жұмыс кестесі
Полный день

Конкурс мәртебесі

  • Отказано 1
  • В обработке 0
  • Рассмотрение 2
  • Собеседование 0
  • Тестирование 0
  • Отбор 0
  • Принят 0

Кіру