Вакансия Несиелерді әкімшілендіру бөлімінің бастығы Батыс Қазақстан облысы бойынша (бала күтіміне байланысты демалыста жүрген негізгі қызметкердің уақытша болмау кезеңіне) Jobs.baiterek.gov.kz

Бос жұмыс орындары

Несиелерді әкімшілендіру бөлімінің бастығы Батыс Қазақстан облысы бойынша (бала күтіміне байланысты демалыста жүрген негізгі қызметкердің уақытша болмау кезеңіне) "Аграрлық несие корпорациясы"АҚ

Вакансия ашық
  • Құрылған күні: 10.06.2026
  • Қаралымдар: 6
  • Жауаптар: 2

Вакансия туралы

Біліміне қойылатын талаптар (деңгейі, бейіні және т.б.):

жоғары экономикалық/қаржылық-экономикалық/заңгерлік білім

Лауазымның мақсаты:

  • Кредиттік мәмілелерді құжаттық сүйемелдеу және кредиттік досьелерді жүргізу арқылы кредиттеу процестеріне әкімшілік қолдау көрсету.

  • Кредиттік және кепілдік құжаттаманы дайындауды ұйымдастыруды, сондай-ақ қамтамасыз ету құнының қабылдануы мен шығарылуын, шарттардың түпнұсқалары мен қамтамасыз ету бойынша құқық белгілейтін құжаттарды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоймасына уақытылы тапсыруды қамтамасыз ету.

  • Өтелген қарыздарды Қоғамның мұрағатына тапсыруды қамтамасыз ету.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:

Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда:
қаржы ұйымдарында немесе ұлттық компанияларда, халықаралық компанияларда немесе мемлекеттік қызметте кемінде 3 (үш) жыл расталған жұмыс тәжірибесі.

Басшылық лауазымдарда:

  • кемінде 2 (екі) жыл басшылық қызметтегі тәжірибе.
  • Қоғам қызметкерлері арасынан кандидаттар үшін осы құрылымдық бөлімшенің не қызметі ұқсас бөлімшенің төмен тұрған лауазымында кемінде 2 (екі) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, оның ішінде бағынышты тарап қызметкері ретінде жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер, дағдылар және қабілеттер:

  1. Қоғамның қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер;
  2. Қоғам қызметіне қатысты нормативтік және әдістемелік материалдар;
  3. Салалық заңнаманы, қадағалау және бақылау органдарының талаптарын, Қазақстан
        Республикасы Ұлттық Банкі мен Қаржылық қадағалау агенттігінің кредиттік
        құжаттарды қалыптастыру және сақтау жөніндегі нормативтік құқықтық
        актілерін білу;
  4. Жобаларды басқару саласындағы білім мен тәжірибе, үлкен көлемдегі деректерді талдау,
        шешімдерді өз бетінше қабылдау дағдылары;
  5. Бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істей білу (ERP 1C / ЭҚЖ / SimBase және т.б.);
  6. Құрылымдық бөлімше қызметіне қатысты жұмыс тәртібі (қағидалар, құжаттар, іс-шаралар);
  7. Халықаралық ISO 9001 стандарттарының талаптары;
  8. Қоғамның ішкі нормативтік құжаттары (ІНҚ);
  9. Мемлекеттік тілді еркін меңгеру.

Лауазым бойынша функционалдық міндеттер:

  • деректерді енгізу процесін ұйымдастыру, енгізілген деректердің дұрыстығын тексеру, қарыз шарты мен өтеу кестелеріне қатысты КИС 1С жүйесіне ақпаратты уақтылы енгізуді қамтамасыз ету;
  • кредиттік бөлімшелердің қарыз алушының уәкілетті орган шешімінде көрсетілген ерекше
  •     шарттарды уақтылы орындауын тексеру бойынша бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
  • қамтамасыз ету құнының есептен шығару рәсімін, филиал Қоймасынан құжаттардың түпнұсқаларын алу және қайтару рәсімін «Кредиттерді әкімшілендіру процесіне» сәйкес уақытылы жүргізуді қамтамасыз ету;
  • Қоғамның ішкі бақылау жүйесіне сәйкес ішкі нормативтік құжаттар шеңберінде құрылымдық бөлімшеге сұралатын ақпаратты толық, ашық және уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету.
Дағдылар
Аналитическое мышление
Грамотная устная и письменная речь
Открытая коммуникация
Умение планировать и расставлять приоритеты
Қажетті жұмыс тәжірибесі
2 жылдан астам
Жұмыс кестесі
Полный день

Конкурс мәртебесі

  • Отказано 0
  • В обработке 2
  • Рассмотрение 0
  • Собеседование 0
  • Тестирование 0
  • Отбор 0
  • Принят 0

Кіру