Вакансия Қызметкерлерді іріктеуге өтінім (Комплаенс-Контролер; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі) Jobs.baiterek.gov.kz

Бос жұмыс орындары

Қызметкерлерді іріктеуге өтінім (Комплаенс-Контролер; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі) "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры " АҚ

Вакансия ашық
  • Құрылған күні: 10.06.2026
  • Қаралымдар: 12
  • Жауаптар: 5

Вакансия туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің комплаенс-бақылаушысы

Лауазымдық міндеттері:

  • Қазақстан Республикасы заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың сақталуына сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-бақылауды және мониторингті жүзеге асыру.

  • Сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша өтініштерді қарау, сенім телефонының жұмысын үйлестіру.

  • Қызметтік тергеп-тексерулерді, комплаенс-тексерулерді жүргізу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасау.

  • Уәкілетті мемлекеттік органдар мен Директорлар кеңесіне ұсынылатын есептілікті дайындау.

  • Комплаенс саласындағы ішкі саясаттар мен рәсімдерді әзірлеуге және жетілдіруге қатысу.

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған оқыту іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу.

  • Тексерулер мен бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша берілген ұсынымдардың орындалуына мониторинг жүргізу.

  • Қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және комплаенс-тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша консультациялық қолдау көрсету.


Талаптар:

  • Құқық, экономика немесе қаржы саласындағы жоғары білім.

  • Мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі.

  • Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, корпоративтік басқару және комплаенс-бақылау саласындағы заңнамасын білу.

  • Аналитикалық қабілеттер, тексерулер жүргізу және есептілік дайындау дағдылары.

  • Мемлекеттік тілді орта деңгейден төмен емес деңгейде меңгеру.

Дағдылар
1С: Документооборот
Advanced Microsoft Office
Қажетті жұмыс тәжірибесі
2 жылдан астам

Конкурс мәртебесі

  • Отказано 0
  • В обработке 5
  • Рассмотрение 0
  • Собеседование 0
  • Тестирование 0
  • Отбор 0
  • Принят 0

Кіру