Вакансия Жобаларды техникалық сүйемелдеу бойынша бас маман (құрылыс талдауына жауапты), Астана қаласыңдағы филиалы Jobs.baiterek.gov.kz

Бос жұмыс орындары

Жобаларды техникалық сүйемелдеу бойынша бас маман (құрылыс талдауына жауапты), Астана қаласыңдағы филиалы "Аграрлық несие корпорациясы"АҚ

Вакансия ашық
  • Құрылған күні: 08.06.2026
  • Қаралымдар: 6
  • Жауаптар: 1

Вакансия туралы

Біліміне қойылатын талаптар:

- жоғары техникалық (ауыл шаруашылығы)/агротехникалық білім.

Жұмыс өтіліне/тәжірибесіне қойылатын талаптар:

- лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде 2 (екі) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

- функционалдық бағыты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес келетін салаларда жұмыс тәжірибесі бар жолдаушы тарап қызметкерлері үшін кемінде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

- лауазым мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;

- Қоғам қызметіне қатысты нормативтік және әдістемелік материалдар;

- Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңы;

- ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар;

- жануарларды карантиндеудің қағидалары;

- агробизнесті жүргізудің қазақстандық және халықаралық нарықтарындағы ғылыми-техникалық жетістіктер мен озық тәжірибелер;

- агроөнеркәсіптік кешен (мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, қайта өңдеу) саласындағы жобалардың негізгі технологиялық және техникалық параметрлері;

- жобалық құжаттаманы әзірлеу тәртібі;

- жобаларды басқару құралдары мен әдістері;

- процестерді талдау негіздері, мониторингті ұйымдастыру және жобаларды іске асыру бойынша есептерді қалыптастыру кезеңдері;

- жобалау алдындағы және жобалық құжаттаманы, құрылыс, атқарушылық, рұқсат беру және қабылдау-тапсыру құжаттамаларын әзірлеу және келісу тәртібі;

- мемлекеттік тілді білу.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті құзыреттер:

Функционалдық құзыреттер:

- қолданыстағы кәсіпорынды қайта жарақтандыру (жаңғырту және т.б.) жобаларын, өндірістік желіге арналған негізгі және қосымша жабдықтарды (жиынтықтаушы бөлшектерді) сатып алу кезінде талдау жүргізу дағдысы;

- жобаның өндірістік-технологиялық параметрлерін, сондай-ақ жабдықтардың құны мен техникалық сипаттамаларын, жасалатын шарттардың талаптарын (жеткізу шарттары, төлем, жеткізу мерзімдері, жабдық бойынша кепілдік міндеттемелер) талдау қабілеті;

- қорытындылар дайындау қабілеті;

- жұмыс барысында басқа елдер мен компаниялардың үздік тәжірибелерін қолдану қабілеті;

- үлкен көлемдегі деректерді талдау және сараптамалық қорытындылар әзірлеу қабілеті;

- жобалардың өндірістік-технологиялық параметрлері бойынша кредиттік бөлімшелерге консультациялық қолдау көрсету қабілеті.

Жеке құзыреттер:

- көп міндеттілік жағдайында жұмыс істеуге төзімділік;

- коммуникабельділік (адамдармен тез байланыс орната білу, қарым-қатынас жасауға бейімділік және ниет);

- нәтижеге бағдарлану;

- сауатты ауызша және жазбаша сөйлеу;

- жұмысты жоспарлау және басымдықтарды дұрыс айқындау қабілеті;

- қажетті ақпаратты жылдам табу қабілеті;

- тұрақты кәсіби және жеке даму.

Дағдылар
Автоматизация и управление
Анализ бизнес-процессов
Системный анализ
Қажетті жұмыс тәжірибесі
2 жылдан астам
Жұмыс кестесі
Полный день

Конкурс мәртебесі

  • Отказано 0
  • В обработке 1
  • Рассмотрение 0
  • Собеседование 0
  • Тестирование 0
  • Отбор 0
  • Принят 0

Кіру