Вакансия туралы
Үміткерге қойылатын талаптар:
- Жоғары заңгерлік білім;
- Ұқсас лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Қажетті білімдер:
- Қазақстан Республикасының қаржылық лизинг саласындағы заңнамасын білу;
- Салық, кеден, азаматтық, еңбек, әкімшілік, азаматтық процестік және қылмыстық құқық салаларындағы заңнаманы білу;
- Құқық қолдану тәжірибесін білу;
- Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарын білу.
Қажетті дағдылар:
- Құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлеу кезінде заң техникасы талаптарын сақтау;
- Құқық нормаларына жүйелі талдау жүргізу;
- MS Office бағдарламаларын (Word, Excel, PowerPoint) еркін меңгеру;
- Электрондық құқықтық жүйелермен жұмыс істеу;
- Талдау және бағалау дағдылары.
Жеке және іскерлік құзыреттер:
- Стратегиялық көзқарас;
- Жұмыс процесін ұйымдастыру қабілеті;
- Нәтижеге бағдарлану;
- Клиентке бағдарлану;
- Қарым-қатынас жасау дағдылары;
- Аналитикалық ойлау;
- Тиімді өзара іс-қимыл жасау;
- Проактивтілік.