Вакансия туралы
Лауазымның мақсаты/міндеті:
Қоғам филиалының қызметіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сапалы құқықтық сүйемелдеу қамтамасыз ету, сондай-ақ бөлімшенің жүктелген міндеттері мен функцияларының орындалуын бақылау.
Білімге қойылатын талаптар:
Жоғары заңгерлік білім.
Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда:
– қаржы ұйымдарында немесе ұлттық компанияларда, немесе халықаралық компанияларда, немесе мемлекеттік қызметте СП қызмет бағыты бойынша расталған кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі;
– басшылық лауазымдарда – кемінде 2 (екі) жыл басшылық қызмет тәжірибесі;
– Қоғам қызметкерлері қатарындағы кандидаттар үшін осы СП-нің не оған іргелес қызмет саласындағы төменгі лауазымда кемінде 2 (екі) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, оның ішінде персоналды аутстаффинг қызметтерін сатып алу шарты және ақылы қызмет көрсету шарттары шеңберіндегі жұмыс тәжірибесі.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңы, Қазақстан
Республикасының «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Несиелік серіктестіктер туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы және Қоғамның қаржы-шаруашылық және құқықтық қызметін реттейтін өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер;
лауазымның мамандануына сәйкес қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;
Қоғам қызметіне қатысты нормативтік және әдістемелік материалдар;
Қоғамдағы кредиттеу тәртібі;
Бөлім/Сектор қызметіне қатысты жұмыс тәртібі (ереже, құжаттар, іс-шаралар).
Дағдылар
Қажетті жұмыс тәжірибесі
Жұмыс кестесі