Міндеттері:
Қоғам үшін басым экономика салалары бойынша аналитикалық материалдарды дайындау;
Экономика секторлары мен тауар нарықтары бойынша ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша келіп түсетін хат-хабарларға жауаптар дайындау;
Басқарманың құзыреті шеңберінде Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен, мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Салалық талдау әдіснамасын әзірлеу және жетілдіру;
Қоғам басшылығына арналған презентациялық, аналитикалық және ақпараттық материалдарды дайындау;
Есептіліктерді, шолуларды, қорытындыларды және өзге де аналитикалық құжаттарды дайындауға қатысу;
Салалық үрдістерге мониторинг жүргізу және экономиканың басым салаларының дамуына әсер ететін факторларды бағалау.
Талаптар:
Жоғары экономикалық, қаржылық, техникалық немесе математикалық білім;
Магистр дәрежесінің болуы құпталады;
Мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі;
Салалық талдау, нарықтық зерттеулер жүргізу және экономикалық көрсеткіштерді бағалау әдістерін білу;
Қазақстан Республикасының қаржы және банк қызметі саласындағы заңнамасын білу;
MS Office бағдарламаларын (Excel, PowerPoint, Word) сенімді деңгейде меңгеру, оның ішінде графиктер құру, жиынтық кестелермен жұмыс істеу және деректерді талдау дағдылары;
Аналитикалық есептерді, презентацияларды және іскерлік хат-хабарларды дайындау дағдылары;
Аналитикалық және ақпараттық платформалармен жұмыс тәжірибесінің болуы артықшылық болып табылады;
Аналитикалық ойлау қабілеті, нәтижеге бағдарлану, проактивтілік және тиімді өзара іс-қимыл жасау дағдылары.
Еңбек шарттары:
Жұмыс күні: 09:30-дан 19:00-ге дейін;
Түскі үзіліс: 13:00-ден 14:30-ға дейін.