Вакансия туралы
Білімі – тиісті бағыт бойынша жоғары білім.
Жұмыс тәжірибесі – Департамент қызметінің бағытына сәйкес салада кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі болуы қажет. Мемлекеттік қызметте, ұлттық даму институттарында, екінші деңгейдегі банктерде, қаржы ұйымдарында, зерттеу институттарында, консалтингтік компанияларда, халықаралық ұйымдарда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болғаны құпталады. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектері / магистратураны / PhD докторантурасын тәмамдаған түлектер үшін жұмыс өтілі кемінде 2 (екі) жыл болуы тиіс.
Арнайы білім мен дағдылар:
• презентациялар дайындай білуі және презентациялар өткізу, келіссөздер жүргізу дағдылары болуы тиіс;• іскерлік хат алмасу дағдылары болуы тиіс;• Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аналитикалық есептер мен баяндамалар дайындай білуі тиіс;• талдау жүргізе білуі (оның ішінде статистикалық және экономикалық талдау).
Қор қызметкерін ауыстыру тәртібімен тағайындау кезінде Бас менеджер (жоғарыда көрсетілгендерге қосымша):
• Департамент пен Қор қызметіне қатысты қаулыларды, өкімдерді, бұйрықтарды және өзге де құжаттарды білуі тиіс;
• ішкі нормативтік құжаттарды дайындауды білуі және жүзеге асыра алуы тиіс.
Компьютерде жұмыс істеу бойынша білім мен дағдылар – MS Office, электрондық пошта қосымшалары және интернет-ресурстарды тәжірибелі пайдаланушы деңгейінде меңгеруі, қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды (1С және т.б.) білуі құпталады.
Тілдерді білуі – қазақ / орыс тілдері.
Дағдылар
Қажетті жұмыс тәжірибесі