Вакансия Тәуекелдік менеджменті департаментінің Жоба менеджері Jobs.baiterek.gov.kz

Бос жұмыс орындары

Тәуекелдік менеджменті департаментінің Жоба менеджері "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ

Вакансия ашық
  • Құрылған күні: 25.05.2026
  • Қаралымдар: 126
  • Жауаптар: 25

Вакансия туралы

Лауазымдық нұсқаулықтан негізгі лауазымдық міндеттер:
1) Қаржы активтері бойынша резервтерді қалыптастыру. Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне сәйкес қаржы активтері бойынша провизияларды (резервтерді) есептеуді жүзеге асырады.
2) Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру жобалары бойынша сараптамалық қорытынды (андеррайтинг).  Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру/инвестициялық жобаларды қаржыландыру жобалары бойынша құрылыс салушыларды/қарыз алушыларды талдауды жүзеге асырады және кредиттік тәуекелдерді барынша азайту, сондай-ақ заңнама талаптарын сақтау және компанияның мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында ішкі регламенттері мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі туралы қорытынды дайындайды.                    
3) Қаржылық талдау. Компанияның құжаттарына сәйкес активтерді, міндеттемелерді және тәуекелдерді басқару комитеті бекіткен ашық лимиттердің мөлшерін өзектендіру мақсатында контрагент-банктердің қаржылық жағдайына жоспарлы мониторинг жүргізу.
4) Есептілік.  Ақпараттандыру мақсатында ішкі құжаттарға сәйкес департамент директоры, компания басшылығы және Холдинг үшін өзінің жауапкершілік аймағында тәуекелдерді басқарудың нәтижелілігі бойынша мерзімді есептілікті жүргізеді. Компанияның ішкі құжаттарына сәйкес есептілікті басқару жүйесі (кредиттік тәуекелдер, бизнес-тәуекелдер, стресс-тест, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ХҚЕС) 9 бойынша құнсыздану бөлігінде есептіліктің бухгалтерлік нысандары) шеңберінде Холдингке есептілік нысандарын дайындау.
5) Лимиттерді белгілеу. Қаржы активтерін тиімді басқару мақсатында компанияның контрагенттерімен белсенді операцияларға лимиттерді белгілеу әдістемесіне сәйкес компанияның контрагенттерімен белсенді операцияларға лимиттерді есептеу және мониторингілеу.
6) Ішкі құжаттарды әзірлеу/өзектендіру. Қаржылық тәуекелдерді басқару бөлігінде
әдіснамалық базаны әзірлейді және  одан әрі оны жетілдіреді, тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде әзірленген әдіснаманы бекітуді ұйымдастырады.
7) Басқарушылық есептілік. Компанияның Басқарма/Директорлар кеңесінің отырысына басқарушылық есептілік бойынша тәуекелдер бойынша талдамалық анықтаманы/есепті қалыптастыру және ұсыну.
8) Уәкілетті органдардың қарауы үшін материалдар дайындау (Басқарма, Директорлар кеңесі). Тәуекелдерді басқару саясатының талаптарын орындау мақсатында тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша Компанияның уәкілетті органдарының қарауына материалдар дайындайды.
9) Қызметтік жазбалар мен хаттарды қарау. Жауаптарды дайындау мақсатында баяндалған қойылым сұрақтарына сәйкес холдингтен, бөгде ұйымдардан, Департаменттің қызметі бойынша құрылымдық бөлімшелерден хаттарға жауаптар дайындауды жүзеге асырады.
10) Компанияның қызметін жобалық жұмыс қағидатына (Agile, Waterfall) негізделген жүзеге асыру: жобаны басқару жоспарын әзірлеуге қатысу; жобаларды әзірлеуді және енгізуді қамтамасыз ету; жобаның аралық және қорытынды есептерін дайындау және бекіту, оларды жоба менеджеріне/жетекшісіне ұсыну; жобаны іске асыруға және бақылауға қатысу; жобаға қатысушылармен техникалық сипаттамаларды әзірлеу; және жобадағы рөліне сәйкес басқа да функцияларды орындау.
11) Өз құзыреті шеңберінде құрылымдық бөлімшенің бизнес-процестері мен міндеттерімен байланысты тәуекелдерді басқаруға қатысады.
12) Департаменттің жұмысын қолдау бойынша басқа да міндеттер.

Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (біліктілік талаптарына және/немесе лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес):
Білімге қойылатын талаптар (деңгей, бейінді және т.б.): Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі экономикалық/қаржылық/заңгерлік/техникалық/математикалық/гуманитарлық білім және (немесе) ақпараттық технологиялар саласындағы білім. Жобадағы рөліне байланысты жұмыс тәжірибесі кемінде 1–3 жыл болуы тиіс, сондай-ақ жобаларды басқару бағыты бойынша тиісті курстардан өткені туралы сертификаттың немесе кәсіби сертификаттаудың болғаны жөн.
Дағдылар
Анализ рисков
Қажетті жұмыс тәжірибесі
1 жылдан астам
Жұмыс кестесі
Полный день

Конкурс мәртебесі

  • Отказано 2
  • В обработке 1
  • Рассмотрение 21
  • Собеседование 0
  • Тестирование 0
  • Отбор 0
  • Принят 0

Кіру