Вакансия туралы
Жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, бағыты және т.б.):
- қаржы ұйымдарында және/немесе ұлттық компанияларда және/немесе ірі ұлттық немесе халықаралық компанияларда және/немесе мемлекеттік қызметте қызмет бағыты бойынша расталған тәжірибесі бар, не осы департаменттің/филиалдың сабақтас мәселелер бойынша төмен тұрған лауазымында кемінде 4 (төрт) жыл біртіндеп күрделене түсетін лауазымдардағы жұмыс тәжірибесінің болуы;
- агроөнеркәсіптік секторда және/немесе қаржы ұйымдарында және/немесе ұлттық компанияларда және/немесе ірі холдингтік компанияларда және/немесе осы департаменттің/филиалдың сабақтас мәселелер бойынша төмен тұрған лауазымында қызмет бағыты бойынша құрылымдық бөлімшені басқару лауазымында кемінде 2 (екі) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
Жеке қасиеттері:
- көп міндеттілік жағдайында стресске төзімділік;
- коммуникабельділік (тез байланыс орната білу, адамдармен қарым-қатынас жасау қабілеті мен ынтасының болуы);
- нәтижеге бағдарлану;
- сауатты ауызша және жазбаша сөйлеу;
- жоспарлау және басымдықтарды айқындай білу;
- қажетті ақпаратты жедел таба білу;
- тұрақты өзін-өзі дамыту.
Тұрақты даму бойынша халықаралық стандарттарды білу.
Акционерлік қоғамдар туралы заңнаманы, корпоративтік құқықты, көміртекті реттеу мәселелерін білу.
ESG-аудиттерден өту немесе жүргізу, сондай-ақ қаржылық емес есептілікті верификациялау тәжірибесінің болуы.
Экологиялық мақсаттарды Компанияның қаржылық көрсеткіштерімен байланыстыра білу.