Корпоративтік қаржы департаментінің бас менеджері (штаттық лауазым)
Бос жұмыс орындары
Корпоративтік қаржы департаментінің бас менеджері (штаттық лауазым) "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ
Вакансия ашық
Құрылған күні:
20.05.2026
Қаралымдар:
221
Жауаптар:
35
Вакансия туралы
Міндеттері:
Қоғамның Даму жоспарын/Бюджетін және оған енгізілетін өзгерістерді әзірлеу аясында ақпарат жинау және талдау, орындалуын мониторингтеу, ауытқуларды анықтау және Даму жоспары/Бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар әзірлеу;
Қаржылық-экономикалық негіздемелерді дайындау шеңберінде қаржылық-экономикалық модельдер әзірлеу, сондай-ақ қарыздарды тарту және өзге де оқиғалардың Қоғам көрсеткіштеріне әсерін, төлем кестелерін есептеу;
Шарттарды, сатып алу жоспарын, төлем жасауға арналған өкімдерді тексеру және келісу;
Департамент құзыретіне кіретін ай сайынғы және тоқсан сайынғы есептердің сапалы әрі уақытылы ұсынылуын қамтамасыз ету;
Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша келіп түсетін хат-хабарларды қарау және жауаптар дайындау;
Қоғамның бизнес-процестерінің тиімділігін арттыру мақсатында жоспарлау мен талдаудың жаңа әдістерін жетілдіру және енгізу.
Талаптар:
Білімі: жоғары экономикалық және/немесе қаржылық;
Жұмыс өтілі: кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде 2 жыл;
Ұйым бейіні бойынша жұмыс өтілі: ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет саласында (қаржы секторында, қаржы институттарында және/немесе мемлекеттік басқару органдарында болғаны құпталады) кемінде 1 жыл.
Еңбек шарттары:
Жұмыс уақыты: 9:30-дан 19:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.