Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жыл
Толық жұмыс күні, толық жұмыспен қамту
Компания туралы ақпарат:
Компания квазимемлекеттік сектор субъектісі болып табылады және АХҚО (AIFC) юрисдикциясында инвестициялық қызметті (капиталға инвестициялар, қаржыландыру) жүзеге асырады. Негізгі бағыты – M&A мәмілелері, қорларды басқару және инвестициялық жобалар.
Міндеттері:
• Перспективалы инвестициялық ұсыныстарды іздеу, талдау және айқындау;
• Инвестициялық ұсыныстарға кешенді талдау, бағалау және құрылымдау жүргізу;
• Инвестициялық ұсыныстар бойынша қаржылық модельдерді әзірлеу және талдау;
• Жобалық компанияларға қатысудың оңтайлы құрылымын айқындау, қаржылық салымдардың тиімділігін талдау және бағалау;
• Инвестициялық шешімдер қабылдау мақсатында экономикалық жағдайларды болжау үшін компанияның қаржылық қызметіне талдау жүргізу;
• Транзакциялық құжаттарды дайындауға, мәмілелерді құрылымдауға және сүйемелдеуге қатысу;
• Портфельдік компанияларға мониторинг жүргізу;
• Тоқсандық және жылдық есептерді дайындау;
• Жұмыс топтарының, комиссиялардың құрамында және келіссөздерге өз құзыреті шегінде қатысу.
Талаптар:
• Жоғары экономикалық/қаржылық/математикалық білім; халықаралық білім және қосымша кәсіби білім, CFA (I немесе II деңгейі) сертификаттарының болуы үлкен артықшылық болып табылады;
• Қаржы және аналитика саласында жұмыс тәжірибесі; Big 4 (Valuation and Transaction Services), инвестициялық банктерде, екінші деңгейлі банктерде (ЕДБ) және Private Equity қорларында жұмыс тәжірибесінің болуы құпталады;
• Ағылшын тілін еркін меңгеру (ауызша және жазбаша).