Вакансия туралы
Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
1. Білімі: жоғары экономикалық немесе қаржылық-экономикалық білім және / немесе заңгерлік білім;
2. Жұмыс өтілі/тәжірибесі: лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес кемінде 2 (екі) жыл (банк саласы, кредит беру).
3. ҚР заңнамасын білу (азаматтық, құқықтық);
4. Сауатты ауызша және жазбаша сөйлеу;
5. Microsoft Office (word, excel, outlook), ішкі құжат айналымы жүйелерінің тәжірибелі пайдаланушысы;
6. Жоғары қарым-қатынас дағдылары.
Функционалдық міндеттері:
1. Кредиттік комитеттердің отырысын ұйымдастыру және өткізу;
2. Кредиттік комитеттердің қарауына шығарылатын материалдарды толық көлемде дайындауды қамтамасыз ету;
3. Кредиттік комитеттер отырыстарының хаттамасын уақтылы және сапалы ресімдеу;
4. Істерді қабылдаушы Тараптың мұрағатына тапсыру үшін істер номенклатурасының жиынтығын жасау;
5. Ішкі нормативтік құжаттар мен әдіснамалық материалдарды әзірлеуге қатысу.