Вакансия туралы
Білімі: тиісті бағыт бойынша жоғары білім.
Жұмыс тәжірибесі: банкте/қаржы ұйымында шағын және орта бизнесті кредиттеу және/немесе корпоративтік кредиттеу, кредиттік әкімшілендіру, тәуекелдерді басқару, талап-арыз жұмысы салаларында немесе ұлттық даму институттарында (МЖӘ жобаларын талдау және қаржыландырумен байланысты) кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілі.
Арнайы білімдері мен дағдылары:
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, оның ішінде қаржылық, банктік және кредиттік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу және қолдана білу;
- қаржылық талдауды, тәуекелдерді басқару процесінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін, бухгалтерлік есептің негіздері мен әдістерін білу;
- құжаттарды (шарттар, есептер, актілер және т.б.) жүргізу және әзірлеу тәртібін, негіздері мен қағидаларын білу;
- іскерлік хат алмасу дағдыларының болуы;
- презентациялар өткізу және келіссөздер жүргізу дағдыларының болуы.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-да жұмыс істейтін қызметкерді ауыстыру жағдайында жоғарыда көрсетілген талаптарға қосымша:
- Қордың қызметіне қатысты қаулыларды, өкімдерді, бұйрықтарды және басқа да құжаттарды білу.
Компьютермен жұмыс істеу білімі мен дағдылары: MS Office, электрондық пошта қосымшалары және интернет-ресурстарды тәжірибелі пайдаланушы деңгейінде білу; қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды (1С және т.б.) білуі құпталады.
Тілдерді білуі: Қазақ және орыс тілдері.