КАНДИДАТТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
- Жеткізушілер мен қызмет көрсетуші компаниялардың, сондай-ақ лизинг алушылардың шарттық міндеттемелерді орындауын, оның ішінде уәкілетті мемлекеттік органда уақтылы мемлекеттік тіркеуден өткізу бөлігінде бақылауды жүзеге асырады.
- Лизинг нысандары мен кепіл мүлкінің болуы және техникалық жай-күйіне жоспарлы тексерулер жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады.
- Өз құзыреті шегінде бағдарламалық өнімге абоненттік-техникалық қызмет көрсету шеңберінде биологиялық активтердің клиникалық жай-күйі мен санын мониторингтеуді жүзеге асырады.
- Лизингке берілетін технологиялық жабдықтардың техникалық ерекшеліктерінің бұрын мәлімделген параметрлерге сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады.
- Жобалардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкестігіне талдау және сараптама жүргізеді, сондай-ақ жобаны іске асыру орнында іріктеп және қажет болған жағдайда тексеру жүргізіп, орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемін тексереді.
- Лизингтік операцияларды жүзеге асыру барысында өндірістік-технологиялық тәуекелдерді анықтайды және олардың алдын алу мақсатында тиісті шаралар қабылдайды.
Бағыныстылық деңгейі: Бөлім бастығы, департамент директоры.
Жұмыс ЖАҒДАЙЛАРЫ:
Жалдау нысаны: ҚР ЕК бойынша 3 айға дейін сынақ мерзімімен ресімдеу
Жұмыс кестесі: 8:30-дан 18:00 дейін, дүйсенбі-жұма, түскі үзіліс 12.30-ден 14.00 дейін
Демалыс: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес
Ісапарлар: іссапарлар болуы мүмкін
Әлеуметтік пакет: Медициналық сақтандыру
ЫҚТИМАЛ МАНСАПТЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ ӨСУ
Бұл маман үшін
Келесі саты қандай: жұмыс нәтижелеріне байланысты
Оқыту бағдарламалары: талқылануда.
КАНДИДАТҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Білімі: Жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім (техникалық/ экономикалық/ агротехникалық/ құрылыс).
Жұмыс тәжірибесі: Бөлім қызметінің тиісті бағыты бойынша кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс (бұл талап ішкі кандидаттарға – Қоғамда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі бар қызметкерлерге, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орнын/Назарбаев Университетін магистратура бағдарламасы бойынша немесе «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуын аяқтаған кандидаттарға қолданылмайды).
Міндетті білім: Қызмет бағытына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Құрылымдық бөлімшенің негізгі қызметінің ерекшеліктерін білу.
Тілдерді меңгеруі:
Қазақ тілі: еркін меңгеруі
Ағылшын тілі: артықшылық болып табылады
Орыс тілі: еркін меңгеруі
Компьютерді және компьютерлік бағдарламаларды білуі: 1С, Excel, Word, Outlook бағдарламаларын міндетті түрде білуі.