«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы КТ (несие серіктестіктері) ж ұмысы бойынша бас маман лауазымына конкурс жариялайды.
Негізгі міндеттері:
· Несие серіктестіктерін (бұдан әрі – НС) және НС-тің түпкілікті қарыз алушыларын несиелендіру, НС жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша консультация беру, әдістемелік көмек көрсету;
· НС процестерінің тиімділігіне талдау және мониторинг жүргізу;
· Тікелей бизнес орнына баруды жүзеге асыру.
Кандидатқа қойылатын талаптар:
· жоғары экономикалық, қаржылық білім;
· лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
· Қазақстан Республикасының лауазымның мамандануына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілері;
· Ұйымның лауазымын регламенттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер;
· Ұйымның қызметіне қатысты нормативтік және әдістемелік материалдар;
· НС қызметіне қатысты жұмыс тәртібі (ережелер, құжаттар, іс-шаралар);
· ИСО 9001 халықаралық стандарттарының талаптары;
· Салалық заңнаманы және қадағалаушы және бақылаушы органдардың талаптарын білу;
· Агросектордың ауылдық жердегі жұмыс ерекшелігін және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын білу;
· Қаржылық модельдеуді, кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау қағидаттарын, кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың негізгі құралдарын білу;
· Компьютерлік және өзге де ұйымдастыру техникасын, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалану негіздерін білу;
· НС құру және несиелендіру бағдарламаларын іске асыру барысы туралы ақпаратты жасау тәртібі;
· Экономика, бухгалтерлік есеп негіздері, қаржылық жоспарлау, ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру.