Вакансия Бухгалтерлік есеп департаментінің бас менеджері (штаттық лауазым) Jobs.baiterek.gov.kz

Бос жұмыс орындары

Бухгалтерлік есеп департаментінің бас менеджері (штаттық лауазым) "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ

Вакансия ашық
  • Құрылған күні: 12.10.2026
  • Қаралымдар: 116
  • Жауаптар: 8

Вакансия туралы

Функционалдық міндеттері
  • Лизингтік мәмілелер мен инвестициялық жобалар шеңберінде жасалған шарттар бойынша ұлттық және шетел валютасындағы төлемдерді жүзеге асыру, операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету, аккредитивтер мен өзге де операциялардың есебін жүргізу.

  • Тартылған қарыздар бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу, оның ішінде дисконттарды, сыйақыларды және оларға байланысты өзге де операцияларды есепке алу.

  • Лизингтік және инвестициялық мәмілелер бойынша операцияларды бухгалтерлік есепте күнделікті көрсету, оның ішінде лизингтік төлемдерді есепке алу, негізгі борышты қалыптастыру, лизинг нысаналарын кіріске алу және беру, қарыздар беру, міндеттемелерді есептеу, мерзімі өткен берешекті есепке алу, келіп түскен төлемдерді бөлу, берешекті қайта құрылымдау және шарттарды өзгерту нәтижесінде туындайтын әсерді есепке алу.

  • Қоғамның мүдделі құрылымдық бөлімшелері мен уәкілетті тұлғаларының сұраулары бойынша контрагенттермен, оның ішінде байланысты тараптармен өзара есеп айырысуларды салыстыру актілерін дайындау және ұсыну.

  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне, аудиторларға, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қаржылық, басқарушылық, статистикалық және өзге де есептілікті дайындау және уақтылы ұсыну.

  • Бухгалтерлік және өзге де құжаттарды қалыптастыру, жүйелеу, олардың сақталуын қамтамасыз ету және кейіннен Қоғамның мұрағатына тапсыру.

  • Департаменттің құзыреті шеңберінде шарттар мен қосымша келісімдердің жобаларына сараптама жүргізу және оларды келісу.

  • Инвестициялық жобалар, қарыздар тарту, облигациялар шығару және өзге де мәселелер бойынша Қоғамның уәкілетті органдарының қарауына ұсынылатын материалдарды келісу.

  • Контрагенттерге, мемлекеттік органдарға және Қоғамның уәкілетті тұлғаларына арналған хабарламаларды, хаттарды, берешек туралы анықтамаларды және өзге де ақпаратты дайындау және келісу.

  • Кіріс хат-хабарларды қарау, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және контрагенттердің сұраулары бойынша есептер мен жазбаша жауаптар дайындау.

  • Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ішкі нормативтік құжаттар жобаларын әзірлеу және келісу.

  • Бухгалтерлік есепті автоматтандыруға және есептілікті дайындауға арналған бағдарламалық өнімдерге қойылатын талаптарды қалыптастыру, сондай-ақ Департаменттің құзыреті шегінде басшының өзге де тапсырмаларын орындау.

Қойылатын талаптар:

  • Экономика немесе қаржы саласы бойынша жоғары білімнің болуы.

  • Қаржы саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, оның ішінде бухгалтерлік есеп саласында кемінде 1,5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

  • «Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтері» сертификатының және/немесе DipIFR дипломының болуы.

  • Қаржы-шаруашылық қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, оның ішінде «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңды, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Еңбек кодексін, Салық кодексін және басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

  • Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын (ҚЕХС), бухгалтерлік және басқарушылық есеп қағидаттарын білу.

  • Ұйым қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, ҚЕХС талаптарын қолдану дағдыларының болуы.

  • Дербес компьютерді, «1С: Кәсіпорын» бағдарламасын және Microsoft Office қосымшаларын, атап айтқанда Word және Excel бағдарламаларын сенімді меңгеру.

  • Ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істеу, деректерді талдау және жүйелеу қабілетінің болуы.

  • Іскерлік хат алмасуды тиімді жүргізу және есептілікті дайындау дағдыларының болуы.

  • Егжей-тегжейге мұқият қарау, жауапкершілік, ұйымдастырушылық қабілет және белгіленген мерзімдерді сақтау дағдыларының болуы.

Дағдылар
1С: бухгалтерия
Excel
Microsoft office
Умение быстро обучаться
Умение эффективной презентации и делового общения
Қажетті жұмыс тәжірибесі
2 жылдан астам
Жұмыс кестесі
Полный день

Конкурс мәртебесі

  • Отказано 0
  • В обработке 8
  • Рассмотрение 0
  • Собеседование 0
  • Тестирование 0
  • Отбор 0
  • Принят 0

Кіру