Вакансия № 5 Жобалық дирекциясының бас менеджері (штаттық лауазым) Jobs.baiterek.gov.kz

Бос жұмыс орындары

№ 5 Жобалық дирекциясының бас менеджері (штаттық лауазым) "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ

Вакансия ашық
  • Құрылған күні: 12.10.2026
  • Қаралымдар: 177
  • Жауаптар: 40

Вакансия туралы

Лауазымдық міндеттері:

  • Әлеуетті өтінім берушілерді іздеу және тарту, лизингтік және инвестициялық қаржыландыру шарттары бойынша кеңес беру, құжаттаманы іріктеу және өңдеу, жобаларды құрылымдау.
  • Өтінімдерді қарау және лизингтік әрі инвестициялық мәмілелерге сараптама жүргізу, оның ішінде жобаның коммерциялық пысықталуы мен маркетингін, ұйымдастырушылық дайындығын және инвестициялық жобаның қаржылық моделін бағалау.
  • Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жобаларды уәкілетті органдардың қарауына дайындау және енгізу.
  • Лизингтік және инвестициялық мәмілелер шеңберінде шарттарды дайындау, келісу, бұрыштама қою және жасасу.
  • Белгіленген регламенттер мен жасалған шарттардың талаптарына сәйкес лизингтік және инвестициялық мәмілелерді қаржыландыруды ұйымдастыру және сүйемелдеу.
  • Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес лизингтік және инвестициялық мәмілелердің іске асырылуына мониторинг жүргізу.
  • Лизингтік досьелерді қалыптастыру және жүргізу, лизинг нысаналары мен кепілге қабылданған мүлікке қатысты құжаттардың түпнұсқаларын тиісінше сақтауды және беруді қамтамасыз ету.
  • Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, лизинг алушылардан, өнім берушілерден, кепілгерлерден және лизингтік әрі инвестициялық мәмілелердің басқа да қатысушыларынан келіп түсетін өтініштерді, хаттарды және өзге де құжаттарды қарау.
  • Жобалық дирекция басшысына, Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне және бақылаушы органдарға сұратылған ақпарат пен есептілікті уақтылы және дұрыс ұсыну, сондай-ақ 1С бағдарламасында лизингтік және инвестициялық мәмілелер бойынша деректерді өзектендіру.

Талаптар:

  • Экономика, қаржы, менеджмент немесе сабақтас бағыттар бойынша жоғары білімнің болуы.
  • Кәсіби салада кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
  • Лизинг, инвестициялық қаржыландыру, кредиттеу, қаржылық талдау немесе инвестициялық жобаларды сүйемелдеу саласындағы жұмыс тәжірибесінің болуы артықшылық болып табылады.
  • Қазақстан Республикасының қаржылық лизинг саласындағы заңнамасын және тиісті нормативтік құқықтық актілерді білу.
  • Қаржылық-экономикалық талдау, кәсіпорындардың қаржылық жағдайын бағалау және инвестициялық жобаларды талдау негіздерін білу.
  • Лизинг және қаржы нарықтарының жұмыс істеу қағидаттарын түсіну.
  • MS Office бағдарламаларын, әсіресе Excel, Word және PowerPoint бағдарламаларын сенімді меңгеру; 1С бағдарламасын білу артықшылық болып табылады.
  • Құжаттарды талдау және өңдеу, қорытындылар, есептер мен презентациялық материалдар дайындау дағдыларының болуы.
  • Жақсы дамыған аналитикалық және коммуникативтік дағдылар, егжей-тегжейге мұқият болу.
  • Жауапкершілік, ұйымдастырушылық қабілет, командада жұмыс істей білу және белгіленген мерзімдерді сақтау.
  • Өз құзыреті шегінде дербес шешім қабылдай білу, әріптестермен және клиенттермен тиімді қарым-қатынас орнату.
Дағдылар
1С
Excel
Excel, Power BI, 1С
Lotus Notes
Қажетті жұмыс тәжірибесі
2 жылдан астам
Жұмыс кестесі
Полный день

Конкурс мәртебесі

  • Отказано 0
  • В обработке 40
  • Рассмотрение 0
  • Собеседование 0
  • Тестирование 0
  • Отбор 0
  • Принят 0

Кіру