Вакансия туралы
Қарыз алу және халықаралық ынтымақтастық департаментінің менеджері Менеджер Қордың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін халықаралық қаржы институттарымен, халықаралық ұйымдармен, шет мемлекеттердің мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарымен, сондай-ақ өзге де серіктестермен ынтымақтастықты дамытуға және сүйемелдеуге жауап береді. Оның функционалдық міндеттеріне халықаралық кредиторлардан қаржыландыру тарту, бірлескен жобалар мен бастамаларды сүйемелдеу, талдамалық, презентациялық және есептік материалдарды дайындау, сондай-ақ мемлекеттік органдармен, қаржы институттарымен және басқа да мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру кіреді.
Қызметкер халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі келісімдердің, меморандумдардың және өзге де құжаттардың дайындалуын және сүйемелденуін қамтамасыз етеді, Қор қызметін жетілдіру және кәсіпкерлікті қолдаудың үздік халықаралық тәжірибелерін енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады. Сонымен қатар, оның міндеттеріне Қор басшылығы мен өкілдерінің халықаралық форумдарға, конференцияларға, келіссөздерге, бизнес-миссияларға және өзге де халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру, сондай-ақ қажетті ақпараттық және презентациялық материалдарды дайындау кіреді.
Үміткер аналитикалық ойлау қабілетіне, жобаларды басқару, келіссөздер жүргізу, іскерлік хат алмасу және презентациялар дайындау дағдыларына ие болуы, ішкі және сыртқы мүдделі тараптармен тиімді өзара іс-қимыл жасай білуі, сондай-ақ басшылық тапсырмаларының сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар, үміткер қаржылық талдау жүргізу, қарыз алушылар мен қаржы институттарының қаржылық жағдайын бағалау, қарыз қаражатын тарту шарттарын талдау, қарыз қаражатын тартудың орындылығы бойынша қаржылық-экономикалық негіздемелер мен талдамалық материалдар дайындау, сондай-ақ ықтимал тәуекелдер мен ұсынылатын қаржыландыру тетіктерінің тиімділігін бағалау дағдыларына ие болуы қажет.
Үміткерге қойылатын талаптар:
- экономика, қаржы, құқық, математика салалары бойынша жоғары білім немесе халықаралық қатынастар және мемлекеттік басқару саласындағы жоғары білім;
- тиісті бағыт бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі (Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектері, магистратура немесе PhD докторантура түлектері үшін – кемінде 1,5 жыл);
- халықаралық ұйымдармен, қаржы институттарымен, мемлекеттік органдармен және өзге де серіктестермен өзара іс-қимыл жасау тәжірибесі;
- Қазақстан Республикасының қаржы, банк және кредиттеу салаларын реттейтін заңнамасын білу;
- жоғары деңгейдегі талдамалық дағдылар, іскерлік коммуникация және құжаттар дайындау қабілеті;
- MS Office бағдарламаларын және заманауи цифрлық құралдарды сенімді деңгейде меңгеру;
- қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуі (ағылшын тілі деңгейі кемінде Upper Intermediate).