Вакансия Жетісу облысы филиалының НС-мен жұмыс жөніндегі маманы (аутстаффинг) Jobs.baiterek.gov.kz

Бос жұмыс орындары

Жетісу облысы филиалының НС-мен жұмыс жөніндегі маманы (аутстаффинг) "Аграрлық несие корпорациясы"АҚ

согласно Трудовому договору при собеседовании ₸
Вакансия ашық
  • Құрылған күні: 02.10.2026
  • Қаралымдар: 45
  • Жауаптар: 0

Вакансия туралы

«Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ Жетісу облысы филиалының НС-мен жұмыс жөніндегі маманы лауазымына ішкі және сыртқы конкурс
Біліміне қойылатын талаптар:

Жоғары экономикалық немесе қаржылық білім.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:

  • лауазымның
    функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 2 (екі) жыл жұмыс
    тәжірибесі;
  • лауазымның
    функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі бар жіберуші
    тарап қызметкерлері үшін – кемінде 1 (бір) жыл.

Тілдерді білу деңгейі: Қазақ тілі, орыс тілі.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:

  • Қоғам
    қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер;
  • Қоғамның
    қызметіне қатысты нормативтік және әдістемелік материалдар;
  • Департамент
    қызметіне қатысты жұмыс тәртібі (қағидалар, құжаттар, іс-шаралар);
  • экономика
    және бухгалтерлік есеп негіздері, қаржылық жоспарлау, ауыл шаруашылығы
    өндірісін ұйымдастыру;
  • ауылдық
    тұтыну кооперативтері мен кредиттік серіктестіктердің жұмысын дамыту
    жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
  • ISO
    9001 халықаралық стандартының талаптары.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар мен біліктіліктер:

  • Кредиттік серіктестіктердің (бұдан әрі – НС) кредиттік шарттары бойынша қарыз берешегінің есебін жүргізу – КҮН САЙЫН;
  • НС-тің келіп түскен төлемдерді бөлуге арналған өтінімдерінің толтырылуын тексеру – КҮН САЙЫН;
  • келіп түскен сомаларды НС-тің кредиттік шарттары бойынша қарыз берешегін өтеу есебіне бөлу – КҮН САЙЫН;
  • НС-ке берілген кредиттік ресурстар бойынша сыйақы түріндегі кірістерді есептеу және көрсету – КҮН САЙЫН;
  • тиісті құрылымдық бөлімшелердің өкімдік құжаттары негізінде кредиттік шарт талаптарын бұзғаны үшін НС-ке айыппұл санкцияларын/өсімпұлдарды уақтылы есептеу – КҮН САЙЫН;
  • тиісті құрылымдық бөлімшелердің өкімдік құжаттары негізінде НС-ке берілген қарыздар бойынша толық және ішінара мерзімінен бұрын өтеулерді есеп жүйесінде уақтылы жүргізу – КҮН САЙЫН;
  • тиісті құрылымдық бөлімшелердің өкімдік құжаттары негізінде НС-ке берілген қарыздарды қайта құрылымдауды/мерзімін ұзартуды есеп жүйесінде уақтылы жүргізу – КҮН САЙЫН;
  • тиісті құрылымдық бөлімшелердің өкімдік құжаттары негізінде сот шешімдеріне сәйкес проблемалық НС-тердің қарыз берешегінің қалдықтарын сәйкестікке келтіру – КҮН САЙЫН;
  • тиісті құрылымдық бөлімшелердің өкімдік құжаттары негізінде НС-ті қаржыландыру шарттарындағы өзгерістерді есеп жүйесінде көрсету – КҮН САЙЫН;
  • басшылыққа, қарыз алушыларға және құрылымдық бөлімшелерге (сұрау салу бойынша) қарыз берешегі, оның ішінде мерзімі өткен берешек туралы ақпарат ұсыну – КҮН САЙЫН;
  • НС-тен келіп түскен анықталмаған сомаларды өңдеу – ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ;
  • бухгалтерлік есеп жүйесіне операцияларды енгізу кезінде салықтық есеп параметрлерінің дұрыс енгізілуін бір мезгілде қамтамасыз ету – ТҰРАҚТЫ НЕГІЗДЕ;
  • НС-ке берілген кредиттер бойынша салыстырып тексеру жүргізу және салыстыру актілеріне қол қою – ТОҚСАН САЙЫН;
  • НС-тің кредиттік шарттары бойынша қарыз берешегін түгендеу – ЖЫЛ САЙЫН;
  • Аудиторлық тексерулер жүргізілген кезеңде Бөлім құзыреті шеңберінде сұратылған деректерді ұсыну – ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ;
  • уәкілетті органдардың тексерулері жүргізілген кезеңде Бөлім құзыреті шеңберінде сұратылған деректерді ұсыну – ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ;
  • құжаттарды қабылдаушы тараптың мұрағатына уақтылы дайындау және тапсыру – ЖЫЛ САЙЫН;
  • басшылықтың бұйрықтарын, өкімдері мен тапсырмаларын уақтылы орындау – ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ;
  • Бөлімнің құзыретіне кіретін ақпарат пен есептерді жоғары тұрған органдарға дайындауға және ұсынуға қатысу – АЙ САЙЫН;
  • бухгалтерлік құжаттармен жұмыс істеу кезінде ХҚЕС бойынша бухгалтерлік есептің негізгі қағидаттарын қолдану – КҮН САЙЫН;
  • құзыретіне қатысты мәселелер бойынша қабылдаушы тараптың мамандарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету – КҮН САЙЫН;
  • бөлім басшысы бөлген хат-хабарларды белгіленген мерзімде орындау – КҮН САЙЫН;
  • басшылықтың тапсырмасы бойынша қабылдаушы тараптың мүдделерін білдіру – ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ;
  • ақпараттық қауіпсіздік бойынша қабылдаушы тараптың ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтау – КҮН САЙЫН;
  • жүзеге асырылатын бизнес-процестер шеңберінде қабылдаушы тараптың ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, оларға ден қою, мониторинг жүргізу және бақылау. Жүзеге асырылатын бизнес-процестер шеңберіндегі ықтимал және орын алған тәуекел оқиғалары туралы тәуекелдерді басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшені дереу хабардар ету – КҮН САЙЫН;
  • қабылдаушы тараптың сапа менеджменті жүйесінің талаптарын сақтау – ТҰРАҚТЫ НЕГІЗДЕ;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің (СЖҚІМЖ) талаптарын орындау – ТҰРАҚТЫ НЕГІЗДЕ;
  • Басшылық бекіткен жоспарлардың тиімді орындалуын қамтамасыз ету – ТҰРАҚТЫ НЕГІЗДЕ;
  • еңбек тәртібін сақтау – КҮН САЙЫН;
  • MS Office (Word, Excel, PowerPoint), MS Project бағдарламаларын және электрондық құжат айналымы жүйесін озық пайдаланушы деңгейінде меңгеру.

Жұмыс жағдайлары:

  • Жұмыс
    тәртібі: толық жұмыс күні, 5/2;
  • Жұмысқа
    қабылдау нысаны: еңбек шарты;
  • Әлеуметтік
    пакет: медициналық сақтандыру;
  • Орналасқан
    жері: Талдықорған қаласы, Назарбаев көшесі, 77, «Данали» БО,
    4-5-қабат.
Дағдылар
1С: бухгалтерия
Қажетті жұмыс тәжірибесі
2 жылдан астам
Жұмыс кестесі
Полный день

Конкурс мәртебесі

  • Отказано 0
  • В обработке 0
  • Рассмотрение 0
  • Собеседование 0
  • Тестирование 0
  • Отбор 0
  • Принят 0

Кіру