Вакансия Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының НС-пен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы Jobs.baiterek.gov.kz

Бос жұмыс орындары

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының НС-пен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы "Аграрлық несие корпорациясы"АҚ

Вакансия ашық
  • Құрылған күні: 24.09.2026
  • Қаралымдар: 45
  • Жауаптар: 3

Вакансия туралы

Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары:

- Экономика немесе қаржы саласындағы жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

- лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде 2 (екі) жыл жұмыс тәжірибесі;
- лауазымның функционалдық бағытына сәйкес келетін салаларда тәжірибесі бар жіберуші тараптың қызметкерлері үшін — кемінде 1 (бір) жыл.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
1) лауазымның мамандану саласына сәйкес қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
2) Компанияның қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді білу;
3) Компанияның қызметіне қатысты нормативтік және әдістемелік материалдарды білу;
4) Несиелеу департаментінің жұмысына қатысты жұмыс рәсімдерін (ережелерді, құжаттарды, іс-шараларды) білу;
5) ISO 9001 халықаралық стандарттарының талаптары;
6) салалық заңнаманы және қадағалаушы әрі реттеуші органдардың талаптарын білу;
7) ауылдық жерлердегі ауыл шаруашылығы саласы қызметінің ерекшеліктерін және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны білу;
8) қаржылық модельдеуді, компанияның қаржылық жағдайын бағалау қағидаттарын және корпоративтік қаржылық сауықтырудың негізгі құралдарын білу;
9) компьютерді, кеңсе жабдықтарын және байланыс құралдарын пайдалану негіздерін білу.
10) кредиттік кооперативтерді құру және қаржыландыру бағдарламаларының іске асырылу барысы туралы ақпаратты жинақтау тәртібі;
11) экономика, бухгалтерлік есеп, қаржылық жоспарлау және ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру негіздері.

Жұмыс міндеттерін орындау үшін қажетті құзыреттіліктер:
Функционалдық:
- ішкі нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеу қабілеті;
- сараптамалық қорытындылар дайындау және жауапкершілік саласындағы тиімділікті арттыру бойынша нақты ұсыныстар қалыптастыру қабілеті;
- заманауи ақпараттық технологиялық жүйелерді пайдалана отырып жұмыс істеу қабілеті;
- деректерді ауқымды әрі қарқынды жинау және талдау, сондай-ақ бенчмаркинг жүргізу қабілеті мен дағдылары;
- тиімді таныстырылым жасау және іскерлік қарым-қатынас дағдылары.

Жеке құзыреттер:

-көп тапсырманы орындауға стресске төзімділік;

-қарым-қатынас дағдылары (байланысты тез орнату қабілеті, адамдармен қарым-қатынас жасау қабілеті мен ұмтылысы);

-нәтижеге бағдарлану;
-сауатты ауызша және жазбаша сөйлеу;
-жоспарлау және басымдық беру қабілеті;
-қажетті ақпаратты жылдам табу мүмкіндігі;
-тұрақты өзін-өзі дамыту.

Жұмыс шарттары:

- Жұмыс уақыты: толық күн, 5/2

- Еңбек шарты: еңбек шарты

- Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру

- Орналасқан жері: СҚО, Петропавл қаласы, Брусиловский көшесі 60А (2 қабат)

Дағдылар
1С: бухгалтерия
1С 8.3 Предприятие
1С: Финансы
Финансовый анализ
Қажетті жұмыс тәжірибесі
2 жылдан астам
Жұмыс кестесі
Полный день

Конкурс мәртебесі

  • Отказано 0
  • В обработке 1
  • Рассмотрение 0
  • Собеседование 2
  • Тестирование 0
  • Отбор 0
  • Принят 0

Кіру