Вакансия туралы
Білімі: Тиісті бағыт бойынша жоғары білім.
Жұмыс тәжірибесі: Кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.
Талаптар:
- Мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялауда тәжірибенің болуы;
- Желілік өзара әрекеттесу хаттамалары мен қағидаттарын (HTTP, HTTPS, REST, JSON, SOAP және т.б.) білу;
- XML схемасының (XSD scheme) дұрыстығын тексеру және оқу дағдыларының болуы;
- Бизнес-талаптарды құжаттау және техникалық тапсырмаларды (ТТ) жазу тәжірибесі;
- Регламенттеуші және жобалық құжаттаманы әзірлеу тәжірибесі;
- BPMN нотациясын білу;
- Бизнес-процестерді модельдеу құралдарын (мысалы, Visio, Business Studio, Camunda және т.б.) erкін меңгеру;
- Сараптамалық ойлаудың жоғары деңгейі, ақпаратты жүйелеу және құжаттаманы құрылымдау қабілеті;
- Бизнес қажеттіліктерін әзірлеу тобына түсінікті техникалық тілге аудара білу.
Міндеттері:
- «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – «Даму» Қоры) қызметінің негізгі бағыттары бойынша бизнес-процестері мен технологияларын әзірлеу және сипаттау;
- Бизнес-процестерді автоматтандыруға арналған техникалық тапсырмалар мен спецификацияларды әзірлеу;
- Бағдарламалық қамтамасыз етудегі пысықталған функционалды тестілеу;
- Пайдаланушы нұсқаулықтары мен ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу, пайдаланушыларды оқыту;
- АТ-қызметтер мен шешімдерді жеткізушілермен өзара әрекеттесу;
- «Даму» Қорының бағдарламалары бойынша ЕКБ-мен (екінші деңгейдегі банктермен) өзара әрекеттесу;
- «Даму» Интеграциялық шинасын және Қордың басқа да ілеспе ақпараттық жүйелерін тестілеу және сүйемелдеу;
- Өз құзыреті шегінде Қор қызметкерлеріне жұмыс барысында туындайтын мәселелер бойынша көмек көрсету;
- Қорды дамытудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысу;
- Жұмыстағы кемшіліктерді жою бойынша уақтылы шаралар қабылдау.