Лауазымдық міндеттері:
Түсіндірме жазбаларға құқықтық сараптама жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының, сондай-ақ корпоративтік басқару қағидаттары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында түсіндірме жазбаларға, шешімдер жобаларына, сондай-ақ Жалғыз акционердің, Директорлар кеңесінің, Басқарманың және Компанияның өзге де алқалы органдарының қарауына шығарылатын мәселелер бойынша материалдарға құқықтық сараптама жүргізеді;
Қазақстан Республикасының заңнамасына құқықтық мониторинг жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасының дамуын тұрақты бақылауды, талдауды және бағалауды, сондай-ақ оның өзгерістерінің Компания қызметіне ықпалын айқындауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына құқықтық мониторинг жүргізеді;
Компанияның ішкі құжаттарына құқықтық сараптама жүргізу. Компанияның ішкі құжаттарына олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ корпоративтік басқару қағидаттары мен нормаларына сәйкестігі, заң техникасы талаптарының сақталуы тұрғысынан құқықтық сараптама жүргізеді және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын және Компанияның мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында ықтимал құқықтық тәуекелдерді барынша азайту жөнінде ұсынымдар әзірлейді;
Шарттар жобаларына құқықтық сараптама жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын және Компанияның мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында шарттар, келісімдер және меморандумдар жобаларына құқықтық сараптама жүргізеді, олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына, қол жеткізілген уағдаластықтарға және Компанияның ішкі құжаттарына сәйкестігі туралы құқықтық қорытындылар дайындайды;
Азаматтардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сұрау салулары мен өтініштерін қарау. Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын және Компанияның мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында Компанияға келіп түскен азаматтардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың хаттарын, сұрау салуларын және өтініштерінде қамтылған өзге де ақпаратты талдауды және құқықтық бағалауды, сондай-ақ оларға жауаптарды дайындауды ұйымдастырады және бақылайды;
Компанияның құқықтық тәуекелдерін барынша азайту. Компания қызметін құқықтық сүйемелдеу шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасы және (немесе) Компанияның ішкі құжаттары талаптарының бұзылуын және (немесе) оларға сәйкессіздіктерді анықтайды, сондай-ақ Компанияның құқықтық тәуекелдерін барынша азайту жөнінде шаралар қабылдайды;
Құқықтық және консультациялық көмек көрсету. Компания қызметкерлеріне корпоративтік басқару қағидаттары мен нормаларын сақтау, сондай-ақ Компания қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану мәселелері бойынша құқықтық және консультациялық көмек көрсетеді;
Тәуекелдерді басқаруға қатысу. Өз құзыреті шегінде құрылымдық бөлімшенің бизнес-процестері мен міндеттеріне байланысты тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларға қатысады;
Өзге де функцияларды жүзеге асыру. Компанияның ішкі құжаттарына және жетекшілік ететін басшының тапсырмаларына сәйкес, оның ішінде тәуекелдерді үйлестіруші функцияларын орындай отырып, өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) заң білімі.