Бас аудитор келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1) қаржы және (немесе) экономика, және (немесе) бухгалтерлік есеп пен аудит, және (немесе) құқық, және (немесе) менеджмент, және (немесе) ақпараттық технологиялар/ақпараттық қауіпсіздік салалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болуы тиіс;
2) ішкі аудит және (немесе) аудит, және (немесе) бухгалтерлік есеп, және (немесе) қаржы, және (немесе) құқық салаларының бірінде кемінде үш жыл жұмыс өтіліуі болуы тиіс;
3) халықаралық кәсіби тәжірибе негіздерін, корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау негіздерін, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын және (немесе) ақпараттық технологияларды басқару, ақпараттық қауіпсіздік стандарттарын білуі тиіс;
4) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде аудиторлық қызмет, акционерлік қоғамдар, бухгалтерлік есеп пен салық салу, еңбек, мемлекеттік мүлік және қаржы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді білуі тиіс;
5) Мемлекеттік тілді және құптарлықтай деңгейде ағылшын тілін білуі тиіс;
6) Ішкі аудиторлар институтының келесі кәсіби сертификаттарының біреуіне немесе бірнешеуіне ие болуы тиіс: CIA (Certified Internal Auditor), CRMA (Certification in Risk Management Assurance), IAP (Internal Audit Practitioner) немесе мемлекеттік аудитор біліктілігіне, не болмаса Ұлыбританияның Сертификатталған қаржы менеджерлері институты берген DipCPIA сертификатына ие болуы тиіс;
7) Құптарлықтай түрде келесі сертификаттардың біреуінің немесе бірнешеуінің болуы: ACCA (Association of Certified Chartered Accountants), DipIFR (Diploma in International Financial Reporting), CFA (Chartered Financial Analyst), CIPA (Certified International Professional Accountant), CFE (Certified Fraud Examiner), CISA (Certified Information Systems Auditor), CISM (Certified Information Security Manager) немесе өзге де халықаралық деңгейде танылған баламалы сертификаттардың болуы.