Вакансия туралы
Бас менеджер келесі біліктілік талаптарына сай болуы керек:
1) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) экономикалық және (немесе) қаржылық білім;
2) Департамент қызметінің бағыты бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл;
3) Қоғамның қызметін, сондай-ақ сақтандыру және кепілдік беру мәселелерін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу.
Бас менеджердің міндеттері мен функциялары:
Міндеттерді іске асыру мақсатында бас менеджер мынадай міндеттер мен функцияларды орындайды:
1-міндет: клиенттерді тарту және шикізаттық емес сектор экспортының өсуін қолдау.
Функциялар:
1) клиенттерді тарту және қоғамның барлық қаржылық (сақтандыру) өнімдері бойынша консультация беру;
2) қоғамның әріптестерімен және қаржы ұйымдарымен іскерлік байланыстар орнату, қолдау және нығайту;
3) ҚР өңірлерінің шағын және орта бизнес субъектілерін ақпараттандыруды қамтамасыз ету мақсатында ҚР өңірлерінде ұйымдастырылатын форумдар мен іс-шараларға қатысу;
4) олармен бірлесіп іске асырылатын жобалар шеңберінде клиенттермен, банктермен және өзге де қаржы институттарымен өзара іс-қимыл жасау;
5) сақтандыру мәмілелерін құрылымдау;
6) қоғамның уәкілетті органының қаралып отырған сақтандыру қорғанысын беру немесе оны беру шарттарын өзгерту мәселесі бойынша шешімінің жобасын дайындауға қатысу;
7) сақтандыру қорғанысын беру немесе оны ұсыну шарттарын өзгерту туралы мәселені қоғамның уәкілетті органының қарауына шығару;
8) сақтандыру объектісін сақтандыру қорғанысының дұрыстығы үшін клиенттің сақтандыру сыйлықақысын уақтылы төлеуінің мониторингі;
9) шикізаттық емес экспортты қолдау үшін жаңа қаржылық (сақтандыру) өнімдерді әзірлеуге қатысу;
10) өкілдік қызметінің бағыттары бойынша маркетингтік материалды әзірлеуге қатысу;
11) шетелге экспортты және тікелей инвестицияларды жүзеге асыратын отандық кәсіпорындар бойынша деректер базасын қалыптастыруға және жүргізуге жәрдемдесу;
12) қоғамның сақтандыру өнімдерін өткізу жөніндегі іс-шараларды жүргізуге жәрдемдесу;
13) шикізаттық емес экспорт жобаларын қаржыландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізуге жәрдемдесу;
14) өз өкілеттіктері шегінде қоғам қарайтын операциялардың тәуекел дәрежесі (тәуекелдерді басқару) туралы қорытындылар беру;
15) қоғамның қайта сақтандыру операцияларын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін жергілікті және халықаралық сақтандыру (қайта сақтандыру) нарықтарын зерделеу;
16) факультативтік қайта сақтандырудың (ретроцессияның), қайта сақтандырудың облигациялық шарттарының жалпы талаптары туралы шарттар жасасуға жәрдемдесу;
17) қайта сақтандыруға (ретроцессияға) қабылданатын тәуекелдерді тартуға, андеррайтингке (сақтандыру тәуекелдерін бағалауға)және қайта сақтандыруға (ретроцессияға) тәуекелдерді қабылдауға жәрдемдесу;
18) қоғамның ұсталатын қабілетінен (өз ұстауынан) асатын шарттарды қайта сақтандыруға құжаттарды уақтылы дайындауға жәрдемдесу;
19) қоғамның актуарийімен бірлесіп қайта сақтандыру портфелінің құрылымын, қоғамның залалдану тәуекелін талдау;
20) қоғамды дамыту жоспарларына қайта сақтандыру қызметі бойынша ұсыныстар мен есептеулер енгізу;
21) қоғамның уәкілетті бөлімшелеріне өкілдікке бекітілген ақпаратты, есептілікті уақтылы дайындауды және беруді қамтамасыз ету.
22) Қоғамның қаржы (сақтандыру) өнімдері бойынша ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеу және өзектендіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
23) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау, оның ішінде іскерлік қатынастарды белгілеу кезінде қоғамның клиенттерін (әріптестерін) тиісінше тексеру жөнінде қажетті шаралар қабылдау;
24) қоғамның ішкі құжаттарында, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін реттейтін заңнамалық және құқықтық актілерде көзделген өзге де функцияларды қамтиды.
2-міндет: мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, қоғамның мүдделерін білдіру және қорғау.
Функциялар:
1) өкілдік құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында және өзге де ұйымдарда қоғамның мүдделерін білдіру және қорғау;
2) әлеуетті әріптестермен іскерлік байланыстар және мемлекеттік органдармен жұмыс байланыстарын орнату;
3) Қоғамның қаржы және өзге де ұйымдармен іскерлік қатынастарын орнатуға жәрдемдесу;
4) қоғам мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, өзге де ұйымдар арасында қызметтік хат-хабарлармен және ақпараттық материалдармен жедел алмасуды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;
5) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Қоғам қызметіне қатысты мәселелер бойынша Қоғам бастамашылық ететін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу;
6) өкілдіктің құзыреті шегінде ҚР Мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалары, сондай-ақ өзге де бағдарламалық құжаттар бойынша ұсыныстарды келісу, әзірлеу;
7) өкілдіктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша есептерді, анықтамаларды, хаттарды және басқа да құжаттарды дайындауды және бақылауды жүзеге асыру;
8) өкілдікке жүктелген өзге де мәселелерді шешу;
9) қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына, Жалғыз акционердің/акционерлердің жалпы жиналысының, Директорлар кеңесінің және Қоғамның атқарушы органының шешімдеріне, Қоғам басшылығының, сондай-ақ өкілдіктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тікелей басшының бұйрықтарына, өкімдері мен нұсқауларына сәйкес өзге де міндеттер мен функциялар мен тапсырмаларды жүзеге асыру.
Дағдылар
Қажетті жұмыс тәжірибесі
Жұмыс кестесі