Өңірлік даму департаменті жобаларының басшысы (бала күтімі бойынша демалыста жүрген негізгі қызметкер болмаған уақытта)
Бос жұмыс орындары
Өңірлік даму департаменті жобаларының басшысы (бала күтімі бойынша демалыста жүрген негізгі қызметкер болмаған уақытта) "Аграрлық несие корпорациясы"АҚ
Вакансия ашық
Құрылған күні:
26.08.2026
Қаралымдар:
88
Жауаптар:
14
Вакансия туралы
Білімге қойылатын талаптар:
Жоғары экономикалық / қаржылық / заң білімі;
Еңбек өтіліне/жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
қаржы ұйымдарында немесе ұлттық компанияларда немесе халықаралық компанияларда немесе БК қызметі бағыты бойынша расталған жұмыс тәжірибесі бар мемлекеттік қызметте кемінде 4 (төрт) жыл жұмыс тәжірибесі;
2 (екі) жылдан кем емес басшылық жұмыс тәжірибесі;
Қоғам қызметкерлерінің қатарынан кандидаттар үшін жіберуші Тараптың қызметкері ретіндегі жұмыс тәжірибесін қоса алғанда, осы БК немесе БК-ның сабақтас қызметі кемінде 2 (екі) жыл төмен тұрған лауазымында жұмыс тәжірибесінің болуы.
Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім мен дағдылар:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін және ҚР бақылаушы органдарының талаптарын білу;
ауылдық жерлердегі Агросектор жұмысының ерекшелігін және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын білу;
сақтандыру саласындағы жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру жүйесін білу (құпталады);
келіссөздер жүргізу дағдылары және дамыған коммуникациялық дағдылар;
деректердің үлкен көлемін талдай білу, аналитикалық қорытынды жасау;
көп тапсырма және қысқа мерзімде жұмыс істей білу;
тиімді презентация және іскерлік қарым-қатынас жасай білу;
ішкі нормативтік құжаттардың жобаларын қалыптастыра білу;
жетекшілік ететін бағыттағы тиімділікті арттыру бойынша сараптамалық қорытынды қалыптастыру және нақты ұсыныстар әзірлеу қабілеті;
MS Office (Word, Excel, PowerPoint) бағдарламаларын, электрондық құжат айналымы жүйесін меңгеру дағдылары (озық пайдаланушы).
Шарттар:
Жұмыс режимі: толық уақыт, 5/2
Жалдау нысаны: еңбек шарты
Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру
Орналасқан жері: Астана қ., Иманов к - сі, 11 "Нұрсәулет-1"БО.