Вакансия туралы
Біліктілік талаптары
Білімі:[/b] тиісті бағыт бойынша жоғары білім.
Жұмыс тәжірибесі:[/b] Департамент қызметіне сәйкес салада кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы. Ұлттық даму институттарында, қаржы ұйымдарында, ғылыми-зерттеу институттарында, консалтингтік компанияларда, мемлекеттік қызметте, жарнама, әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер саласында бұрынғы жұмыс тәжірибесінің болғаны құпталады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектері, сондай-ақ магистратураны/PhD докторантурасын аяқтаған түлектер үшін жұмыс өтілі кемінде 1,5 (бір жарым) жыл болуы тиіс.
Қорда тағылымдамадан және/немесе практикадан өткен жағдайда жұмыс тәжірибесінің болуы міндетті емес.
Арнайы білім мен машықтар:[/b] жарнама және маркетинг негіздерін білу; әлеуметтік желілердің функционалы мен ерекшеліктерінің негіздерін білу; веб-бағдарламалау және веб-дизайн дағдыларын меңгеру; веб-аналитика және сайттарды әкімшілендіру дағдыларын меңгеру; Motion Design және бейне жасау дағдыларын меңгеру; іскерлік хат алмасу дағдыларының болуы; презентациялар өткізу және оларды сапалы әзірлей білу; құжаттарды (шарттарды, есептерді, актілерді және т.б.) жүргізу және жасау тәртібін, негіздері мен қағидаларын білу.
«Даму» Қоры» АҚ-да жұмыс істейтін қызметкер ауыстырылған жағдайда жоғарыда баяндалғандарға қосымша Департамент қызметіне қатысты қаулыларды, өкімдерді, бұйрықтарды және өзге де құжаттарды білу, сондай-ақ ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу тәртібін білу және оларды әзірлей білу талап етіледі.
Компьютерді игеріп, жұмыс істей білуі:[/b] MS Office, электрондық пошта қосымшалары және интернет-ресурстарды тәжірибелі пайдаланушы деңгейінде білу; қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды (1С және т.б.) білу құпталады.
Тіл білуі:[/b] қазақ және орыс тілдері.
Дағдылар
Қажетті жұмыс тәжірибесі