Вакансия туралы
Лауазымдық нұсқаулықтан негізгі лауазымдық міндеттер: 1) ЭКСЖ (Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту») шеңберінде кепілдік алу/жеке құрылыс салушылардың/табиғи монополия субъектілерінің кредиттерін субсидиялау/МИЖ қаржыландыру бойынша өтінімдерді қарайды.
Құрылыс салушы мен уәкілетті компанияның/жеке құрылыс салушылардың/қарыз алушының/табиғи монополия субъектілерінің құрылысты аяқтауға кепілдік алу/субсидиялау/МИЖ қаржыландыру жөніндегі өтінімдерін Компания заңнамасының және ішкі құжаттарының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қабылдауды және қарауды жүзеге асырады.
Құрылыс салушының/уәкілетті компанияның/қарыз алушының/табиғи монополия субъектілерінің/кепілгердің/кепіл берушінің қызметіне қаржылық талдау жүргізеді. Өтінім бойынша Департаменттің сараптамалық қорытындысын, оның ішінде жобаны түзету және мерзімін ұзарту бөлігінде дайындайды.
Өтінімнің Бағдарлама талаптарына және екінші деңгейдегі банктер тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізеді.
Уәкілетті алқалы органдардың отырыстарына өтінімдерді және бизнес-процесс шеңберіндегі өзге де мәселелерді қарауға шығарады. Өтінімді қарау шеңберінде құрылыс салушымен/уәкілетті компаниямен/қарыз алушымен/табиғи монополия субъектілерімен/кепілгермен/кепіл берушімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Құрылыс салушылардың/уәкілетті компанияның/қарыз алушының/табиғи монополия субъектілерінің/кепілгердің/кепіл берушінің/жеке құрылыс салушылардың міндеттемелерінің орындалуына мониторинг жүргізеді.
2) Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша кепілдік беру, субсидиялау және КДЖ қаржыландыру тетіктері бойынша клиенттерді тартады. Компания тетіктерінің тұсаукесерін өткізеді. Кепілдік беру/субсидиялау/КДЖ қаржыландыру мәселелері бойынша әлеуетті клиенттерге консультациялар жүргізеді.
3) Кейінгі бақылауды жүзеге асырады. Уәкілетті органдар шешімдерінің жобаларын, кепілдіктер беру рәсімі шеңберіндегі шарттардың жобаларын тексереді.
4) Үшінші тұлғаларға таратуға арналған жария материалдарды, оның ішінде, бірақ олармен шектелмей, баспасөз хабарламаларын, мақалаларды, сұхбаттарды және сөз сөйлеулерді Басқарма қызметін қамтамасыз ету департаментінің Баспасөз қызметінің басшысымен және/немесе Басқарма мүшесі деңгейінен төмен емес жетекшілік ететін басшымен алдын ала келісуге міндеттенеді.
5) Өз құзыреті шегінде құрылымдық бөлімшенің бизнес-процестері мен міндеттеріне байланысты тәуекелдерді басқаруға қатысады.
6) Компанияның ішкі құжаттарына, Департамент директорының немесе жетекшілік ететін басшының тапсырмаларына сәйкес тәуекелдер жөніндегі үйлестіруші функцияларын қоса алғанда, өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (біліктілік талаптарына және/немесе лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес):
- Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі заң/қаржы/экономикалық/техникалық білім. Қаржы талдаушысы, жобалық/кредиттік менеджер ретінде қаржы/банк саласындағы жұмыс тәжірибесі, оның ішінде компаниялардың қаржылық жағдайына талдау жүргізу/ШОБ/корпоративтік бизнес секторының жобаларына кредит беру тәжірибесі кемінде 2 жыл болуы тиіс. Бухгалтерлік есеп, салық салу, Қаржы-шаруашылық қызметті талдау, компанияларды жобалық талдау негіздерін білу..
1) тұрғын үй құрылысына және құрылыс қызметіне үлестік қатысу саласындағы заңнаманы, акционерлік қоғамдарды, Қазақстан Республикасының еңбек және салық заңнамасының негіздерін жақсы білу;
2) қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді иелену (анықтамалық құқықтық жүйелер, мәтіндік редакторлар, электрондық құжат айналымы жүйесі, электрондық пошта, интернет);
3) құжаттармен жұмыс істеу дағдылары (іскерлік хаттар жасау, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жеке тұлғалармен хат алмасу).