Вакансия туралы
Лауазымның мақсаты мен негізгі міндеттері:
- Несиелеу бөлімінің тиімді жұмысын ұйымдастыру;
- Қаржыландыру жоспарының орындалуын және индикативтік
жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ету;
- Қаржыландыруға берілген өтінімдердің уақтылы әрі
сапалы қаралуын бақылау.
Біліміне қойылатын талаптар:
- жоғары экономикалық, қаржылық
немесе заңгерлік білім (шағын/орта/ірі бизнесті несиелеу саласында кемінде
5 жыл жұмыс тәжірибесі болған жағдайда).
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
- қаржы ұйымдарында, ұлттық
компанияларда, халықаралық компанияларда немесе мемлекеттік қызметте
құрылымдық бөлімшенің қызмет бағыты бойынша расталған жұмыс тәжірибесімен
кемінде 3 жыл еңбек өтілі;
- басшылық лауазымда кемінде 2
жыл жұмыс тәжірибесі.
Лауазымдық міндеттерді орындауға қажетті білімдер:
- Лауазымның мамандану бағытына
сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілері;
- «Аграрлық несие корпорациясы»
АҚ (бұдан әрі – Қоғам) қызметіне қатысты нормативтік және әдістемелік
материалдар;
- Несиелеу бөлімінің қызметіне
қатысты жұмыс тәртібі (қағидалар, құжаттар, іс-шаралар);
- Экономика негіздері, қаржылық
талдау, ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру негіздері;
- Қоғамның ішкі нормативтік
құжаттары;
- Мемлекеттік тілді білу;
- ISO 9001 халықаралық
стандартының талаптарын білу.
Жеке қасиеттері:
- көп міндеттілік жағдайында
жұмыс істей алу және стресске төзімділік;
- қарым-қатынас жасау қабілеті;
- нәтижеге бағдарлану;
- ауызша және жазбаша сауатты
сөйлеу;
- жұмысты жоспарлау және
басымдықтарды айқындай білу;
- қажетті ақпаратты жылдам таба
білу;
- белсенді өмірлік ұстаным;
- үздіксіз өзін-өзі дамытуға
ұмтылу;
- клиентке бағдарланғандық.
Функционалдық құзыреттері:
- Бөлімге жүктелген міндеттер мен
функционалдық міндеттердің орындалуын басқару және бақылауды жүзеге асыру
қабілеті;
- жетекшілік ететін бағыт бойынша
тиімділікті арттыруға қатысты сараптамалық қорытынды жасап, нақты
ұсыныстар әзірлей білу;
- деректерді кең көлемде жинау
және жан-жақты талдау дағдылары;
- тиімді презентация өткізу және
іскерлік қарым-қатынас жасау қабілеті;
- ішкі нормативтік құжаттардың
жобаларын әзірлей білу;
- клиенттердің шағымдары мен
наразылықтарын қарау және олармен жұмыс істеу дағдылары.